Page 5 - Аннотация
P. 5
адамдардың ластану деңгейі жоғары қалалардан, аймақтардан кете алатынын
білдіреді. Қашықтықтан жұмыс режимін енгізе отырып, мемлекеттік қызметте
халықтың неғұрлым қорғалмаған топтарының (мүмкіндігі шектеулі адамдардың,
жас аналардың және т.б.) өкілдері үшін жұмыс процесіне белсенді қатысу
мүмкіндігі пайда болатыны маңызды мәнге ие болады.
3. Мемлекеттік қызметкерлер арасында Цифрлық теңсіздікті дамыту
үшін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және
олардың ел бойынша филиалдарының базасында цифрлық сауаттылықтың
экспресс-курстарын ұйымдастыру; онлайн-оқыту бойынша цифрлық
платформаны әзірлеу; мемлекеттік қызметке кіру кезінде тестілеу форматын
қайта қарау ұсынылады. Бұдан басқа, қашықтан жұмыс істеу кезінде мемлекеттік
қызметкерлердің жұмыс орындарының материалдық-техникалық базасын
жаңғырту ұсынылады. Бұл ретте, виртуалды жұмыс орнының стандартты
құрамы ұйымдағы әрбір лауазым үшін және қашықтан жұмыс режиміне
ауыстырылған барлық қызметкерлер үшін белгіленуі тиіс.
4. Мемлекеттік қызметкерлердің функционалдық міндеттерінің 80% -
на дейін ОМО да, ЖАО да қашықтықтан жүзеге асырылуы мүмкін екендігі
анықталды.
5. Аудандардың ықтимал босатылуы ОМО үшін алаңның 89,4% немесе
11 316 ш. м., ЖАО үшін - 88,4% немесе 10 524 ш. м. құрайтыны анықталды.
Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға
сәйкестігі.
Ғылыми зерттеу «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына (Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 Қаулысы),
сондай-ақ «Еститін мемлекет» Концепциясына (Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 341 Қаулысы) сәйкес келеді. Сонымен
қатар, зерттеу Дебюрократизация туралы Жарлыққа (Қазақстан Республикасы
Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығы) және 2025 жылға
дейінгі елдің даму Ұлттық жоспары «Әділ әлеуметтік саясат» (Қазақстан
Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 521 Жарлығы) сәйкес
келеді.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы, отандық және
халықаралық тәжірибені ескере отырып, алынған зерттеу нәтижелері
мемлекеттік басқару жүйесіндегі қашықтықтан еңбек режимі саласындағы,
цифрландыру жағдайында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдарында қашықтықтан еңбек тиімділігін арттыру үшін ұсынымдар берудегі
одан әрі ғылыми жұмыстар үшін негіз болып табылады, бұл мемлекеттік