Page 3 - Аннотация
P. 3

басқару жүйесінде қашықтықтан жұмыспен қамту кезінде қашықтықтан жұмыс
               форматын қолдану мүмкіндігін бағалау;

                  -  цифрландыру  жағдайында  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік
               басқару  жүйесінде  қашықтықтан  жұмыспен  қамтудың  тиімділігін  арттыру
               бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу.

                     Зерттеу  әдістері.  Зерттеу  барысында  зерттеудің  теориялық  және
               эмпирикалық әдістері қолданылды.
                     Зерттеудің  бірінші  кезеңінде  диссертациялық  зерттеудің  теориялық  және

               әдіснамалық  негізі  мемлекеттік  басқару  жүйесіндегі  қашықтықтан  жұмыспен
               қамту  мәселелері  бойынша  ғылыми  әдебиеттерді,  стратегиялық  мемлекеттік
               бағдарламалар, тұжырымдамалар, НҚА және т. б. сияқты құжаттарды талдауды
               қоса алғанда, отандық және шетелдік авторларды талдау болып табылады.

                     Келесі  кезекте  зерттеу  нысанасын  жүйелі,  салыстырмалы  және
               ретроспективті  талдаудың  жалпы  ғылыми  әдістері  қолданылды,  халықаралық
               конференциялардың               материалдары,           шетелде         және         Қазақстан

               Республикасындағы  мемлекеттік  органдарда  цифрлық  шешімдерді  енгізу
               контекстінде жұмыспен қамтудың қашықтағы нысандарын пайдалану бойынша
               статистикалық деректер де талданды.

                     Сонымен  қатар,  мемлекеттік  қызметтегі  қашықтықтан  жұмыс  істеудің
               артықшылықтары  мен  кемшіліктерін,  келешегі  мен  қауіптерін  анықтау  үшін
               цифрландыру  жағдайында  Қазақстан  Республикасында  қашықтан  жұмыспен

               қамтуды  мемлекеттік  реттеу  шараларына  SWOT  және  PEST  талдаулары
               жүргізілді.
                     Екінші  кезеңде  мемлекеттік  органдарда  қашықтықтан  жұмыс  істеу

               режимінің тиімділігін бағалау үшін қашықтан жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан
               Республикасының мемлекеттік қызметшілері арасында екі әлеуметтік сауалнама
               (сауалдау) нәтижелері пайдаланылды.

                     Зерттеудің  үшінші  кезеңінде  ҚР  Мемлекеттік  басқару  жүйесінде
               қашықтықтан  жұмыспен  қамтуды  қолдану  мүмкіндігін  бағалау  үшін
               цифрландыру  жағдайында  мемлекеттік  қызметкерлердің  өкілеттіктерін  іске
               асыру алгоритмдеріне іріктеп тексеру жүргізілді.

                     Бұдан  басқа,  қашықтан  жұмыс  істей  алатын  мемлекеттік  қызметкерлер
               санын  бағалау  үшін  Қазақстан  Республикасының  модельдік  (шартты)
               мемлекеттік  органдары  қаралды,  олардың  негізінде  жұмыс  орындарын

               абоненттеу жүйесіне көшу кезінде алаңдарды үнемдеу мүмкіндігін есептеу және
               қашықтан жұмысты апробациялау жөніндегі пилоттық жобаға қатысушылардың
               ықтимал санын есептеу жүргізілді.
   1   2   3   4   5   6