Page 24 - Document
P. 24

Дамыған  30  ел  қатарына  ену  мақсатында  Қазақстан  Экономикалық
                  ынтымақтастық  пен  даму  Ұйымының  (ЭЫДҰ)  стандарттарын  негізге  алуды
                  шешті  [30].  Осылайша,  2012  жылы  Қазақстан  дамуында  сапалы  өзгеріс  орын
                  алды. Бұған негіз болған стратегиялық құжаттарды зерттей келе, өмір сүрудің
                  келесі  жоғары  сапасына  бағытталған  әдістемелік  және  мақсатты  қозғалыстың
                  жүйелі көзқарасын байқауға болады.
                         Солардың біріншісі дүние жүзінің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруге
                  негізделген кешенді даму бағдарламасы – «Қазақстан-2050» Стратегиясы.
                         Екіншісі  –  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат, бір
                  мүдде,      бір    болашақ»        атты     Жолдауы.        Негізі,    бұл     Қазақстанның
                  постиндустриалды  қоғамға  айналуға  бағытталған  «Жол  картасы».  Ол
                  белгіленген міндеттерді нақтылап қана қоймай, республика дамуын бағалауға
                  болатын  мақсатты  индикаторларды  бекітеді.  Бағдар  ретінде  Н.Ә.  Назарбаев
                  ЭЫДҰ мүше елдердің қағидалары стандарттарын пайдалануды ұсынды [35].
                         Оған  сәйкес,  келесі  экономикалық  даму  көрсеткіштеріне  қол  жеткізу
                  қажет: ІЖӨ жылсайынғы өсімі көрсеткіштері 4%-дан кем емес, инвестициялар
                  көлемін 30%-ға дейін арттыру.
                         2050 жылға дейін шағын және орта бизнес ІЖӨ мөлшерінің кемінде 50%-
                  ға  дейін  артық  өндіруі  тиіс,  яғни  қазіргі  кезбен  салыстырғанда  2  есе  артық
                  көрсеткішке қол жеткізуі қажет.
                         Сонымен  қатар,  еңбек  нәтижелілігі  секілді  маңызды  көрсеткіштерді
                  көтеру  керек.  Бұл  бағытта  Қазақстан  жоспарлы  түрде  алға  қойылған
                  мақсаттарды атқарып келеді. Мәселен, Қазақстан экономикасы еңбек өнімділігі
                  жағынан алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына және өсімі бойынша 20 елге кірді.
                  Аталған көрсеткіш бойынша Ресей мен БАӘ секілді елдерді озды.
                         Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі жағынан Қазақстан Экономикалық

                  ынтымақтастық пен даму ұйымының жетекші елдері арасындағы алшақтықты
                  азайтты.
                         Сондықтан         Н.Ә.      Назарбаевтың          экономикалық          дамуды       бес
                  институционалды  реформаларды  жүзеге  асыру  бойынша  «100  нақты  қадам»
                  Ұлт  Жоспарымен  толықтырғаны  түсінікті.  Бұл:  әлемнің  жетекші  елдер
                  қатарына ену үшін не істеу керек? деген басты сұраққа жауап беретін қадамдық
                  стратегия.
                         Аталған  құжаттың  алғашқы  15  қадамының  қоғамдық  және  мемлекеттік
                  жаңарулардың  құралы  ретіндегі  кәсіби,  автономды  және  тиімді  мемлекеттік
                  аппарат қалыптастыруға арналғаны қисынды [30].
                         Неліктен  ЭЫДҰ-ның  стандарттары  Қазақстан  үшін  дамудың
                  эталонына айналды? Бұл сұраққа Нұрсұлтан Назарбаев былай жауап берді:
                         – Қазір дамудың тұғырлы көрсеткіштері Экономикалық ынтымақтасу мен
                  даму  Ұйымына  мүшелеріне  тиесілі  болып  отыр.  Оған  әлемдік  ІЖӨ  60%-дан
                  астамын өндіретін 34 ел кіреді. ЭЫДҰ мүше болуға тағы 6 ел ынталы болып
                  отыр, олар:  Бразилия, Қытай, Үндістан, Индонезия,  Ресей  және  ОАР. Барлық
                  қатысушы  ел  толық  заманауилану  жолынан  өтті,  жоғары  инвестициялық
                  көрсеткіштері,  ғылыми  талдаулар,  еңбек  өнімділіктері,  бизнес  дамуы  мен


                                                                 24
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29