Page 23 - Document
P. 23
мен қызметті тиімді атқаруына мүмкіндік беретін басқару, ұйымдастыру
қызметтері қамтиды.
Аталған қызметтердің белгілері көбіне басқару ісінде заңдар мен
құқықтық тетіктердің қолданылу қарқынына байланысты.
Мемлекеттік органдар қызметтері
Құқық
тікелей басқарушы – Құқықтық – құқықтық шығармашылық
ғылыми ұсынымдар сипатқа ие қызмет
әзірлеумен қатар, түрлері, басқаша Құқық
тәжірибемен бөлісуге айтқанда, әр субъекті қолданушы
қатысты айналысатын үшін міндетті бола қызмет
құқықтық негізге отырып, міндетті
жатпайтын қызмет салдарды туындатады. Құқық
қорғаушы
қызмет
Сурет 2 – Мемлекеттік органдар қызметтері
Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [32, с. 23]
Қорыта қелгенде, мемлекеттік аппарат өз қызметін екі түрде жүзеге
асырады:
1) басқарушылық – мемлекеттік органдар қызметіне еңбекті ұйымдастыру
бойынша ұсыныстарды енгізу мен іске асыруды жетілдірудің ғылыми және
тиімді әдістерін енгізуге бағытталған;
2) құқықтық – биліктік сипатқа ие, сәйкес субъектілерге арналған
жалпыға міндеттеу түрде іске асырылады.
Осылайша, мемлекеттік аппарат – мемлекет билігінің сипаты болып
табылады. Ал, мемлекеттік орган – мемлекет қызметінің нақты саласында билік
өкілеттіліктері бар мемлекет тетігінің бөлшегі [34].
Қорыта келе, көрсетілгеен деректер мен мәліметтер мемлекеттік басқару
жүйесінің басты бірлігі ретінде мемлекеттік аппарат ұғымын санауға толық
негіз бар.
1.2 Мемлекеттік аппараттың жаңа жіктемесі, стратегиялық
мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік органдар байланысының
әдістемелік негіздері
Н. Назарбаев 2015 жылы ұсынған 5 институционалды реформаның
алғашқысы кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған.
Іске қосылған мемлекеттік қызметтің жаңа пішіні мемлекеттік
басқарушылар қатарына қызметтік міндеттерді адал атқару құндылықтарына
сүйенетін азаматтардың келуін көздейтін, халықтың әл-ауқатын көтеруге
бағытталған меритократия қағидасына негізделеді [30].
23