Page 22 - Document
P. 22

–  қызметтер мен белгіленген өкілеттіктерді бір бөліктің (жүйенің) оның
                  басқа бөлігіне (ішкі жүйеге) беру жолымен бөліп беруі;
                         –  ашықтық;
                         –  үш билік тармақтарының өзара іс әрекеті мен келісіп қызмет атқаруы;
                         –  азаматтардың билік органдарын құруға (сайлауда) қатысуы;
                         –  бақылау [32].
                         Ал  Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  басқару  жүйесінің
                  ұйымдастырылуын, мемлекеттік органдар қызметінің тұрақты және қарқынды
                  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  етуге  арналған  Қазақстан  Республикасының
                  Әкімшілік  рәсімдік-процестік  кодексі  (2020  жылғы  29  маусымдағы  №350-VI
                  ҚРЗ Кодексі) мемлекеттiк орган жайлы негізгі түсініктерді ашады:
                         Мемлекеттік  орган  –  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының,
                  Қазақстан  Республикасы  заңдарының  және  өзге  де  нормативтік  құқықтық
                  актілерінің негізінде:
                         – жалпыға  бірдей  міндетті  мінез-құлық  қағидаларын  айқындайтын
                  актілерді басып шығару;
                         – әлеуметтік маңызы бар қоғамдық қатынастарды басқару және реттеу;
                         – мемлекет        белгілеген      жалпыға        бірдей      міндетті      мінез-құлық
                  қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі функцияларды мемлекет атынан
                  жүзеге асыратын мемлекеттік билік ұйымы (4 – бап 1-25 тармағы) [33].
                         Мемлекеттік  органдардың  ішкі  құрылысына  келетін  болсақ:  бір-бірімен
                  байланыстары мен қатынастары ортақ жүйеге біріктіріледі.
                         Сонымен  қатар,  Сурет  2-де  көрсетілгендей,  мемлекеттік  органдар
                  жүйесінің, яғни мемлекеттік аппараттың қызметінің ұйымдастырылу тәртібі
                  мемлекеттің конституциясы мен басқа да заңнамалық актілерде белгіленген
                  құқықтық қағидаттар бірлігімен байланысады.

                         Ал, функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік-
                  биліктік құзіреттерге ие болып, мемлекеттік органдар, мемлекеттік аппарат пен
                  мемлекет функциялары арасында кері байланыс бар.
                         Аталған жүйенің негізін экономика, әлеуметтік сала, саяси байланыстар
                  қалайды.  Жүйе  ішінде  әрбір  органда  белгілі  бір  орны,  өзара  қарым-
                  қатынастары,  іс-әрекетінің,  атқаратын  функцияларының  негізгі  қағидалары
                  көрініс  табады.  Даму  барысында  мемлекеттік  органдардың  атқаратын
                  функциялары  мен  айналысатын  жұмыстары  өзгеріске  ұшырауы  мүмкін  [32,
                  с. 16].
                         Мемлекеттік органдар дамуының негізгі жолдарын атауға болады:
                         – бюрократизация;
                         – дифференция;
                         – кәсібиліктің артуы.
                         2-суретте  мемлекеттік  органдар  атқаратын  қызметтердің  негізгі  түрлері
                  көрсетілген.
                         Мемлекеттік  органдардың,  оның  құрылымдық  бөлімшелерінің  сипатын
                  бұқаралық өмірдің барлық салалары мен қырларына сәйкес ұйымдастырылуы




                                                                 22
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27