Page 28 - Document
P. 28

Мәселен:
                         1. Нәтижеге бағытталушылық  –  қызметшінің  ұйым  мақсаттарын өзіндік
                  ынталануды жұмыс процесімен біріктіру қабілеті, оның нәтижесін сандық және
                  сапалық түрде өлшеуге болады. Бұл сипат НR менеджменттің басқара білу мен
                  жаһандық және мәдени әрқилықты ескеру құзіреттілік үлгісіне сай келеді.
                         2. Шешім шығаруда фактілерге жүгіну келесі тармақтардан тұрады:
                           – қаржылық-экономикалық көрсеткіштер;
                           – клиенттердің өнім мен қызметпен қанағаттанушылығы;
                           – ішкі бизнес-процестердің сипаттамалары;
                           – персоналдың өсу мен оқытылу мүмкіндіктерінің көрсеткіштері.
                         Бұл көрсеткіштер сыни тұрғыдан ойлау құзіретіне лайық.
                         3.  Болашаққа  бағытталушылық  –  ұйымның  болашағының  бейнесіне
                  сүйенетін,  болашақтың  мақсаттарына  деген  ұмтылысты  анықтайтын,
                  жоспарлаумен         сипатталатын        стратегиялық        басқару.     Бұл     сипат      НR
                  менеджменттің басқара білу құзіреттілік үлгісіне сай келеді.
                         4.  Белсенділік  -  бастамашылық  таныта  білу  және  өз  шешімдері  мен
                  әрекеттері үшін жауапкершілікті алу.
                         5.  Кәсіби  қарым-қатынастар  орнату  қабілеті  -  бұл  істің  міндеттері  мен
                  басшылықтың  көзқарастарымен  анықталатын  жұмыс  орнындағы  екі  немесе
                  одан  да  көп  адамдар  арасындағы  тұлғааралық  қатынастар.  Бұл  сипат  НR
                  менеджменттің  этика  талаптарын  сақтау  мен  қарым-қатынастарды  басқару
                  құзіреттері модельдеріне сәйкес келеді.
                         Стратегиялық  мемлекеттік  аппарат  басшылары,  ең  алдымен,
                  мүмкіндіктер  мен  технологияларды  тиімді  қолданатын,  стратегиялы  және
                  креативті  ойлай  алатын,  үлкен  мәліметтермен  жұмыс  істей  алатын,  саланың
                  ұзақмерзімде дамуын ұйымдастыратын көшбасшы.

                         Ал, стратегиялық мемлекеттік аппарат келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
                         – мақсаттар мен бағыт-бағдарды нақты анықтау;
                         – мемлекеттік         басқаруды          ұйымдастырудың            барлық         негізгі
                  қиыншылықтарын белгілеу;
                         –  толық  жоспарлау  мен  ағымдағы  шешімдерді  қабылдауда  нақтыланған
                  шектеулерді ойластыру;
                         –  мемлекеттік  әкімшіліктендіру  ісінде  біртектілік  пен  біртұтастықты
                  қамтамасыз ету;
                         – белсенді жұмыс үшін жоғары басшылықты мемлекеттік құрылымдарды
                  жұмылдыру мақсатында ынталандыру.
                         Стратегиялық         мемлекеттік       аппарат      ұзақмерзімдегі       (5-10     жыл)
                  стратегиялық  мақсаттар  мен  міндеттерді  атқаруға  басты  нәтижелерге
                  бағытталған.  Бұл  жерде  мақсаттар  жалпы  сипатқа  арналған,  басқарудың,
                  жоспарлаудың, жетекшілік пен ойлаудың жанама құралдары болып табылады.
                         Сонымен  қатар,  стратегиялық  мемлекеттік  аппарат  экономиканы
                  мемлекеттік  реттеудің  негізгі  құралына  айналуы  мүмкін.  Стратегиялық
                  мемлекеттік  аппарат  жүйесін  қалыптастырудың  келесі  қажеттілігі  –




                                                                 28
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33