Page 9 - Adep zhane akademiyalyk adaldyk kodeksi
P. 9
4) жұмысты және/немесе қойылған бағаны жою;
5) бағаланатын жұмыстарды, оның ішінде диссертациялық жұмыстарды/жобаларды
қорғауға жібермеу;
6) жасалған теріс қылықты қоғамдық айыптау;
7) білім алушыны пәннен шығару;
8) Академиядан шығару.
Білім беру және зерттеу қызметінде көрініс тапқан академиялық адалдықты бұзғаны
үшін санкциялар үш санатқа бөлінеді: 1-санат, 2-санат, 3-санат.
1-санат білім алушының жеке ісіне енгізбей ауызша ескерту немесе жазбаша сөгіс,
немесе бұзушылық орын алған жұмысты қайта жасау талабымен бағаны төмендету. 2-санат
білім алушыны пәннен шығару немесе тапсырма үшін, не пән бойынша білім алушының
бағасын төмендету, не жұмысты және/немесе қойылған бағаны жою немесе білім алушының
жеке ісіне енгізілетін жазбаша сөгіс. 3-санатқа сынақ мерзімі, сабақтан шеттету немесе оқудан
шығару, соның ішінде теріс қылықты қоғамдық айыптау жатады.
Әрбір жеке бұзушылық оқиғасы оқиғаның күрделілік дәрежесін, бұрын тіркелген
бұзушылықтардың бар-жоғын назарға ала отырып, жеке бағаланады.
30. Бұзушылық фактілері мен жауапкершілік дәрежесін Институт/МСҰМ директораты
қарайды. Жасалған теріс қылықты қоғамдық айыптау немесе Академиядан шығару түріндегі
жаза Академиялық кеңестің отырысында Магистранттар мен докторанттардың кеңесі
өкілдерінің қатысуымен қаралады, бұл білім алушының құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.
31. Әрбір жағдайды қарау бойынша материалдар хаттамамен ресімделуі және білім
алушының жеке ісінде немесе қызметкердің жеке ісінде сақталуы тиіс.