Page 8 - Adep zhane akademiyalyk adaldyk kodeksi
P. 8

жөніндегі  комитет  тарапынан  сұрау  салынған  жағдайда  тексеру  үшін  қауіпсіз  жерде  сақтау
                қажет;
                            зерттеу қызметінің әдебі плагиаттың кез келген формаларын, сондай-ақ зерттеуді
                ұйымдастыру,  өткізу,  деректерді  талдау  және  нәтижелерді  жариялау  кезінде  жауапсыз
                іс-қимылдарды мүлдем қабылдамауды жобалайды;
                            зерттеуді  жүргізу  кезінде  ықылассыз  мінез-құлыққа  жол  бермеу,  атап  айтқанда,
                осы  әрекеттің  себебіне  және  олардың  келісімінің  болуы  немесе  болмауына  қарамастан,
                жүргізілген  зерттеуге  ешқандай  қатысы  жоқ  тұлғаларды  тең  авторлыққа  қосу,  бірлескен

                зерттеулер мен жұмыстардың нәтижелерін иемденуге тең;
                            Академия  қызметкерлері  мен  білім  алушылары  зерттеу  әдебі  қағидаларын
                сақтамағаны үшін жеке жауапкершілік алады;
                            жобалық топтың жетекшісі зерттеу әдебі қағидаларын зерттеу тобының мүшелері
                сақтамағаны үшін жауапкершілік алады.
                      20.  Академия  қабырғасында  дайындалған  зерттеу  жобаларының  жарияланымында
                Академияға тиісті сілтеме жасалуы қажет.

                      5. Академиялық адалдықты сақтамағаны үшін жауапкершілік
                      21.  Сапалы оқыту мен зерттеудің әділдік және құндылық қағидаттары қызметтегі басты
                басымдығы  болып  табылатын  ұжымның  кез  келген мүшесі  –  білім  алушылар, оқытушылар,
                қызметкерлер академиялық адалдықты бұзу мәселелерін қоя алады.
                      22.  Институт/МСҰМ  директораты  академиялық  адалдықты  бұзуға  қатысты  көтерілген

                кез  келген  мәселені  қарастыруы  тиіс,  ол  мәселені  жан-жақты  зерделеу  және  академиялық
                адалдықты  бұзу  фактілерін  әділ  бағалау  бойынша  барлық  қажетті  шараларды  қабылдауға
                міндетті.
                      23.  Білім алушылар және қызметкерлер оқуға немесе жұмысқа қабылданған кезде осы
                Кодекспен жазбаша түрде таныстырылуы керек.
                      24.  Кодекс нормаларын білмеу оларды сақтамағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.
                      25.  Осы  Кодекс  нормаларын  бұзған  Академия  қызметкерлеріне  қатысты  ішкі  еңбек
                тәртібінің қағидалары мен еңбек шартына сәйкес тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады.
                      26.  Осы  Кодекстің  нормаларын  бұзған  Академия  білім  алушыларына  қатысты  осы
                Кодекстің ережелері мен оқу шартына сәйкес шаралар қолданылады.
                      27.  Институт/МСҰМ директораты және Академия басшылығы академиялық адалдықты
                бұзудың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында білім алушылар мен қызметкерлер үшін

                қолайлы  жағдайды,  оның  ішінде  консультациялар,  барлық  білім  беру  бағдарламалары  мен
                силлабустарда академиялық адалдық қағидаттарын енгізу арқылы жасайды.

                      6. Жауапкершілік түрлері және жаза қолдану тәртібі
                      28.  Қызметкерге  қолданылатын  жауапкершілік  түрлері  және  оларды  қолдану  тәртібі
                Академияның ішкі еңбек тәртібі қағидаларында регламенттелген.
                      29.  Білім алушыларға қолданылатын жауапкершілік түрлері:
                      1) ауызша ескерту;
                      2) жазбаша сөгіс;
                      3) (қойылған) бағаны төмендету;
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12