Page 6 - Adep zhane akademiyalyk adaldyk kodeksi
P. 6

авторы болған жағдайда да профессор-оқытушылар құрамының алдын ала рұқсатынсыз бұрын
                басқа курста бағаланған кез келген жұмысты презентациялау.
                      8.  Бұрмалау  –  жалған  академиялық  жазбаларды  немесе  басқа  да  құжаттарды;
                мәліметтерді (ғылыми тәжірибе кезіндегі бақылауларды, жазбаларды, сауалнама нәтижелерін
                қолдан жасау); академиялық жұмыстағы қолды жасау; академиялық жұмысты әдейілеп қолдан
                жасау немесе бүлдіру.
                      9.  Бұрмалауға мыналар жатады:
                         эмпирикалық  деректердің  жалған  зерттеу  нәтижелерін  жасау;  үшінші  тұлғалар
                жүргізген ғылыми жұмыстарды/еңбектерді өзінікі ретінде ұсыну;

                         қол  қоятын  адамдар  үшін  пікірлер,  рецензиялар,  ұсынымдар  мен  мінездемелер
                жобаларын дайындау;
                         қолдан  жасалған  немесе  жалған  медициналық  анықтамалар  немесе  жұмысқа
                жарамсыздық парақтары сынды Академияға қандай да бір жалған құжаттарды ұсыну.
                      10.  Академиялық  жұмысты  фабрикация  жасау  –  академиялық  жұмыстың  мазмұнын
                әдейі бұрмалау, яғни:
                        академиялық өнімде жалған мәліметтерді беру;
                        зерттеулер мен эксперименттердің         деректерін     және  нәтижелерін  ауыстырып
                жіберу;

                        зерттеу барысында алынған жалған ақпаратты ұсыну;
                        еш жерде жоқ мақалаларға және ойдан шығарылған дереккөздерге сілтеме жасау;
                        нәтижеге әсер ететін деректерді қалдырып кету;
                        дәлелді негізі жоқ қорытындыларды ұсыну.
                      11.  Жасыру  –  жұмысты  жауапсыз  орындау  және  білім  алушылардың,  не  Академия
                қызметкерлерінің Кодекс нормаларын сақтамауы туралы ақпаратты айтпау және жасыру.
                      12.  Сөз байласу – басқа білім алушы үшін тексеруге және бағалауға жататын, кез келген
                академиялық жұмысты орындау.

                      13.  Академиялық       ақпаратқа     заңсыз қол     жеткізу       және  (немесе)        оны
                тарату, яғни:
                        емтихан сұрақтарының жауаптарын беру;
                        бағалау кезінде қойылатын сұрақтар туралы білім алушыларға мәлімет беру;
                        тиісті  рұқсатсыз  бағаланатын  жұмыстар  үшін  ішінара  немесе  толық  материалды
                тарату;
                        дайын  баяндамалар,  эссе,  тапсырмалар,  ғылыми  жұмыстар,  жарияланымдар  және
                басқа  да  академиялық  жұмыстарды  сату  немесе  сатып  алу  және/немесе  сатуда  көмек
                көрсетудің басқа да жолдары;

                        білім алушыларға беру мақсатында электрондық пошта, компьютер арқылы және т.б.
                қоса алғанда, бағаланатын жұмыстың жауаптарын кез келген жолдармен ұрлау.
                      14.  Параға  сатып  алу  –  профессор-оқытушылар  құрамына,  сондай-ақ  Академия
                қызметкерлеріне  түрлі  формада  сыйақы  беру,  не  сыйақы  бермей-ақ,  басқа  жеке  мүдделілік,
                осындай мінез-құлыққа тең.
                      15.  Ағымдағы  және  қорытындыны  қоса  алғанда,  білім  алушылардың  барлық  жазба
                жұмыстары плагиатқа тексеруден өтеді.
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11