Page 5 - Adep zhane akademiyalyk adaldyk kodeksi
P. 5
нәтижелерін, бөгде адамның қорғалатын еңбек нәтижелерін әдейі немесе байқамай, толық
немесе ішінара заңсыз пайдалану, иелену немесе өз бетінше иелік ету.
3. Төмендегілер плагиат болып танылады:
басқа адамның идеялары, тұжырымдары, пікірлерінің немесе айтқан сөздерінің
дереккөздерін көрсетпей, оларды ұсыну, мәтінді бір тілден екінші тілге алғашқы дереккөзін
көрсетпей аударып алу;
басқа адамның жазбаша жұмысынан мәтіннің бір бөлігін немесе барлық мәтінді
алғашқы дереккөзіне сілтеме жасамай және дәйексөз алусыз тікелей көшіру (сондай-ақ
Интернеттен алынған материалдарды немесе өзге де электрондық дереккөздерді көшіру
жатады);
мәтіннің элементтерін дереккөзін көрсетпей өзгертіп айту немесе сөздерді ішінара
алмастыру;
түпкі деректемені көрсетпей және/немесе автордың келісімінсіз ақпараттың
графиктерін, кестелерін, суреттерін, сызбаларын және визуалды басқа да түсініктерін
пайдалану;
бірлескен зерттеулер немесе басқа да оқу тапсырмаларының нәтижелерін иемдену;
басқа тұлға жасаған жұмысты өз атыңнан, толық немесе жартылай ұсыну немесе
жариялау;
жұмыстың мәтінін әдейі бұрмалау, атап айтқанда шрифті ауыстыру, басқа
әліпбидің символдарын қолдану, жұмыстың мәтініне арнайы символдарды қосу,
сөздердегі символдардың ретін өзгерту, мәтіннен жарты символды алып тастау және т.с.
4. Өзін-өзі плагиаттау – алғашқы мәтінге тиісті сілтемелерді көрсетпей, жаңа деректер
мен тұжырымдардың жоқ болуының нәтижесі ретінде өзінің бұрын жарияланған мәтінін
толық немесе ішінара пайдалану.
5. Көшіру – біреудің зияткерлік өнімін көшіруді тұспалдайтын білім алушының немесе
қызметкердің жауапсыз мінез-құлқы.
6. Көшіру болып мыналар танылады:
емтихан материалдарына немесе тапсырманың мәнін ашатын
емтихан материалдары туралы ақпаратқа заңсыз жолмен қол жеткізу;
шпаргалкаларды, ұялы телефондарды және басқа да құрылғыларды, мәтіндік
хабарламаларды немесе ақпаратты алудың заңсыз тәсілдерін қолдану;
басқа білім алушының жұмысынан көшіру (білім алушының рұқсатымен де және
онсыз да);
басқа білім алушыға көшіруге немесе басқа білім алушыларға жауаптарын беруге
рұқсат ету;
емтиханға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін емтихан тапсырмасын орындауды
жалғастыру;
басқа білім алушыға емтихан тапсырмасын орындап беру туралы өтініш жасау;
басқа тұлғалар тарапынан жоғарыда аталған әрекеттердің бірінің жасалуына
жәрдемдесу және көмектесу.
7. Қайталау – жұмысты өзінікі ретінде, ішінара немесе толық ұсыну талпынысын қоса
алғанда, әр түрлі бағалау және талаптар шеңберінде бір жұмысты, білім алушы жұмыстың