Page 10 - Академикалы? саясат РУС.
P. 10
жылдың 28 қарашасында Түркістан және Алматы қалаларында тұратын
азаматтар арасында құрылымдалған сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 676
респондент қатысып, олардың жауаптары тұрғындардың Smart City
компоненттерін қабылдау деңгейін, цифрлық инфрақұрылымға қатысуын және
жобаларға деген сенімін бағалауға мүмкіндік берді.
Алынған алғашқы деректер статистикалық өңдеуден өткізіліп, факторлық
және салыстырмалы талдаулар жүргізілді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері
негізінде PLS-SEM (Partial Least Squares Structural Equation Modeling)
құрылымдық моделі құрастырылды. Бұл модель тұрғындардың ақылды қала
бастамаларын қабылдауына әсер ететін негізгі факторларды анықтап,
көрсеткіштер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындауға
мүмкіндік берді. Деректердің факторлық талдауға жарамдылығы Kaiser-Meyer-
Olkin (KMO) және Bartlett тесттері арқылы тексеріліп, зерттеудің эмпирикалық
негізінің сенімділігі қамтамасыз етілді.
Осы әдістердің үйлесімді қолданылуы Түркістан қаласындағы Smart City
жобаларының қоғамдық қабылдану ерекшеліктерін жан-жақты бағалауға және
институционалдық басқару тетіктерінің әлеуметтік тиімділігін анықтауға жағдай
жасады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. «Ақылды қала» ұғымының
тұрақты даму контексіндегі теориялық негіздемесі қалыптастырылды. Зерттеу
барысында «Ақылды қала» (Smart City) тұжырымдамасы тек технологиялық
модель ретінде емес, сонымен қатар тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ)
үйлескен күрделі социотехникалық жүйе ретінде қарастырылып, оның
теориялық мазмұны қайта сараланды. Бұл ұғымның институционалдық,
әлеуметтік, экономикалық және құқықтық аспектілері жүйеленіп, заманауи
урбанистика ғылымындағы орны нақты айқындалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысы Түркістан
қаласы мысалында «Ақылды қала» тұжырымдамасын тұрақты даму контексінде
мемлекеттік реттеу тетіктері арқылы іске асырудың теориялық және
практикалық негіздерін жан-жақты талдауға бағытталды. Жаһандық
урбанизация үдерістері жағдайында ақылды қалалар тек цифрлық технологиялар
жүйесі ғана емес, сонымен қатар құқықтық, институционалдық және әлеуметтік
тетіктердің өзара байланысына негізделген кешенді урбанистік модель ретінде
қарастырылды.
Зерттеу барысында «ақылды қала» ұғымының эволюциялық даму кезеңдері,
халықаралық тәжірибелер мен Қазақстандағы жағдай салыстырмалы түрде
талданып, көпдеңгейлі басқару қағидаты, құқықтық реттеу, цифрлық теңдік,
адами капиталды дамыту сынды аспектілер негізінде институционалдық-
құқықтық модель жасалды. Түркістан қаласында енгізілген «Ақылды қала»
жобаларының тиімділігіне жүргізілген эмпирикалық талдаулар қоғамдық
қабылдау, тұрғындардың қатысуы мен цифрлық инфрақұрылымға деген
сұраныстың өзектілігін айқындады.
Жалпы алғанда, бұл диссертациялық жұмыс «Ақылды қала»
тұжырымдамасын теориялық тұрғыда терең негіздеп қана қоймай, оны
Қазақстан жағдайында тиімді іске асыру үшін институционалдық, қаржылық
10

