Page 13 - Академикалы? саясат РУС.
        P. 13
     көбінесе  урбанизация  үдерістерінің  жеделдеуіне  (мысалы,  көлік,  қауіпсіздік,
                  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  жүйелері  және  т.б.)  жауап  ретінде
                  қалыптасты.  Ал  тұрақты  даму  тұжырымдамасы  әлеуметтік  әділеттілік,
                  экономикалық  тиімділік  және  экологиялық  тепе-теңдік  арасындағы  ұзақ
                  мерзімді стратегиялық үйлесімділікті көздейді [14 б. 89].
                        Алайда  қазіргі  кезеңде  ғылыми  және  саяси  дискурс  бұл  екі  ұғымды
                  біріктіруге  және  синергияға  қол  жеткізуге  бағытталуда.  Ақылды  қала
                  технологиялары  қаланың  экологиялық  тазалығын,  әлеуметтік  инклюзивтілігін
                  және экономикалық өміршеңдігін қамтамасыз етуде тұрақтылық элементтерін
                  күшейтетін  құрал  ретінде  қолданылуы  тиіс  [15].  Осылайша,  қалалардың
                  цифрландырылуы тұрақты дамуға жетудің маңызды құралына айналуда.
                         БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі күн тәртібі аясында қалаларға орталық рөл
                  берілген.  Бүгінде  әлем  халқының  55%-дан  астамы  қалалық  жерлерде  тұрады,
                  сондықтан  ТДМ-ға  қол  жеткізудің  табыстылығы  көбінесе  қалалардың  даму
                  қарқынына  байланысты.  Осы  себепті,  ақылды  қалалар  экологиялық  (мысалы,
                  таза  энергия,  климаттың  өзгеруімен  күрес),  әлеуметтік  (қолжетімді  білім,
                  әлеуметтік  теңсіздікті  төмендету)  және  экономикалық  салалардағы  ТДМ
                  міндеттерін іске асыру платформасы ретінде қарастырылуда [16].
                         Тұрақтылық  –  бұл  қазіргі  қажеттіліктерді  болашақ  ұрпақтың
                  мүмкіндіктеріне нұқсан келтірмей қанағаттандыратын даму [17]. Бұл ұғым 1980-
                  жылдардан  бастап,  әсіресе  1992  жылғы  Рио-де-Жанейро  конференциясынан
                  кейін, жаһандық деңгейде қызу пікірталастар туғызды [18]. Қазақстандағы БҰҰ
                  жүйесі елдің ЭЫДҰ стандарттарына сай дамуын қолдай отырып, әлемдегі озық
                  30 елдің қатарына қосылу мақсатын қолдайды. (1-сурет) 2015 жылы БҰҰ 2030
                  жылға  дейін  өмірдің  барлық  салаларында  тұрақты  дамуды  қамтамасыз  етуге
                  бағытталған 17 тұрақты даму мақсатын жариялады [19].
                                               Сурет 1 - Тұрақты даму мақсаттары
                        Ескерту – Дереккөз бойынша құрастырылған [19,б. 5]
                                                                13
     	
