Page 7 - Академикалы? саясат РУС.
P. 7

нормативтік базаның жеткіліксіздігі, институционалдық үйлестірудің болмауы
                  және тұрғындардың цифрлық сауаттылығының төмендігі – шешуді қажет ететін
                  маңызды мәселелер қатарында.
                        Осыған  байланысты,  ақылды  қаланы  тұрақты  даму  аясында  мемлекеттік
                  реттеу  мәселесін  зерделеу,  Түркістандағы  тәжірибені  бағалап,  шетелдік
                  үлгілермен  салыстыра  отырып  бейімделген  ұсыныстар  жасау  –  бұл  ғылыми
                  зерттеу жұмысының өзектілігін арттырады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері
                  жергілікті  билік  органдарына,  цифрлық  трансформация  бөлімдеріне  және

                  қалалық  басқару  институттарына  нақты  әдістемелік  ұсыныстар  ұсынуға
                  мүмкіндік береді.
                        Мәселенің  ғылыми  зерттелу  дәрежесі:  ақылды  қалаларды  мемлекеттік
                  реттеу мәселелері көптеген ғылыми зерттеулерге негіз болды.
                        Шетелдік зерттеушілер, атап айтқанда Giffinger R., Caputo F., Ningrum T. P.,
                  Huda N. U., Anthony Jr B., Majid M. A., Romli A., Bokolo A. J., сондай-ақ Majid M.
                  A., Romli A. A., Su K., Li J., Fu H. және басқа да ғалымдар өз еңбектерінде ақылды
                  қалалардың  дамуы  мен  мемлекеттік  реттелу  мәселелерін  жан-жақты
                  қарастырған.
                        Giffinger R. және оның әріптестері ақылды қаланың негізгі индикаторларын
                  анықтап,  оның  экономикалық,  әлеуметтік,  экологиялық,  технологиялық,
                  басқарушылық  және  өмір  сүру  сапасы  аспектілерін  жүйелі  талдаған.  Олар
                  ақылды       қалаларды        дамытуда        мемлекеттік        реттеудің      стратегиялық
                  маңыздылығын,           сондай-ақ        қоғамдық         және       жеке       секторлардың
                  ынтымақтастығын атап көрсеткен.

                        Caputo       F.     ақылды        қалалардың          ақпараттық-коммуникациялық
                  технологияларды  (АКТ)  енгізу  арқылы  тиімділігін  арттыру  және  қала

                  инфрақұрылымын  дамыту  мәселелеріне  көңіл  бөлген.  Оның  зерттеулерінде
                  мемлекеттік         саясаттың        инновацияларды           қолдау       және       цифрлық
                  трансформацияны ынталандыру рөлі баса көрсетілген.
                        Ningrum  T.  P.  және  Huda  N.  U.  өз  жұмыстарында  ақылды  қалалардың
                  экологиялық  тұрақтылығы  мен  ресурстарды  тиімді  пайдалануды  қамтамасыз
                  етуде мемлекеттік басқару механизмдерінің рөлін қарастырған. Олар жергілікті
                  билік  органдарының  тұрақты  даму  стратегияларын  енгізудегі  маңыздылығын
                  атап өткен.
                        Anthony Jr B., Majid M. A., Romli A., Bokolo A. J. және олардың әріптестері
                  ақылды қалаларда деректердің ашықтығы, киберқауіпсіздік және азаматтардың
                  қатысуын  қамтамасыз  етуде  мемлекеттік  реттеудің  заманауи  құралдарын
                  зерттеген.  Олар  қоғамдық  басқаруда  инновациялық  әдістердің  тиімділігін
                  талдаған.
                        Сонымен  қатар,  Majid  M.  A.,  Romli  A.  A., Su  K.,  Li  J.,  Fu H.  және  басқа
                  ғалымдар  ақылды  қалалардағы  жасанды  интеллект,  үлкен  деректер  және
                  бұлттық  технологиялардың  қолданылуы  арқылы  мемлекеттік  қызметтерді
                  жетілдіру  және  тұрғындардың  өмір  сүру  сапасын  арттыру  мәселелерін  терең
                  зерттеген.  Осы  зерттеулердің  жиынтығы  ақылды  қалалардың  тиімді  дамуын
                  қамтамасыз  етуде  мемлекеттік  реттеудің  кешенді  және  интеграцияланған
                  тәсілінің маңыздылығын көрсетеді, сондай-ақ технологиялық инновацияларды

                                                                7
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12