Page 5 - Аңдатпаз
P. 5

‒ ішкі көші-қонды реттеудің экономикалық құралдарын дамыту және
                  жетілдіру  бағыттарын  айқындау,  экономикалық  ынталандырулар  мен
                  дестимулдар жүйесін қалыптастыру;
                         ‒  көші-қон  процестерін  басқару  саласындағы  мемлекеттік  реттеу  мен
                  өңірлік  саясаттың  қысқа  мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  бағдарламаларын
                  әзірлеу;
                          ‒  ішкі  көші-қонға  қолданыстағы  экономикалық  ықпал  ету
                  шараларының тиімділік деңгейін бағалау;
                          ‒ мемлекеттік және өңірлік басқару, жұмыспен қамту және көші-қон
                  саясаты саласындағы мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру;
                  ‒ "Экономика" және "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтары
                  бойынша  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары  мен  оқу  бағдарламаларын
                  әзірлеу.
                         Зерттеу  нәтижелерін  апробациядан  өткізу.  Зерттеу  нәтижелерін
                  апробациялау  және  докторанттың  әр  жарияланымды  дайындауға  қосқан
                  үлесін  сипаттау.  Диссертациялық  жұмыстың  негізгі  ережелері  мен
                  қорытындылары  автордың  ғылыми  жарияланымдарында,  оның  ішінде  ҚР
                  ҰӘҚ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті
                  ұсынған журналдарда, халықаралық рецензияланатын басылымдарда көрініс
                  тапты. Диссертация бойынша қазақстандық және шетелдік басылымдарда 5
                  ғылыми  мақала  дайындалып,  жарияланды:  Scopus  және  Web  of  Science
                  дерекқорында индекстелетін журналда – 2  (75 және 66 процентиль), ҚР ҰӘҚ

                  КОКСОН ұсынған журналдарда – 3.
                         1. Education as an Economic Instrument of Internal Migration Regulation in
                  Kazakhstan: Analysis and Evaluation of State Initiatives// Journal of Social Studies
                  Education Research (Scopus) 2025; Vol. 16 (1): 163–187. Докторанттың үлесі-
                  60%.
                         2.  Evaluation  of  economic  strategies  for  managing  internal  migration  of
                  Kazakhstani  citizens:  analysis  of  regulatory  instruments  and  their  effectiveness//
                  Regional Statistics (Scopus) 2025; Vol. 15 (2): 365–389. Докторанттың үлесі -
                  60%.
                         3.    Көші-қон        процестерін       реттеудің      әлеуметтік-экономикалық
                  құралдары: әлемдік тәжірибелерді талдау// Мемлекеттік Аудит-Мемлекеттік
                  Аудит (ҚР ҰӘҚ КОКСНВО) 2024; 64 (3): 179–188. Докторанттың үлесі - 50%.
                         4. Educational mobility as an instrument of economic regulation of internal
                  migration in the Republic of Kazakhstan// ҚазҰУ Хабаршысы. Экономикалық
                  Серия (ҚР ҰӘҚ КОКСНВО) 2024; 149 (3): 174–188. Докторанттың үлесі -70%.
                         5.  Economic  factors  of  internal  migration  in  the  Republic  of  Kazakhstan:
                  problems  and  challenges  //  Қарағанды  университетінің  хабаршысы.
                  "Экономика"  сериясы  (ҚР  ҰӘҚ  КОКСНВО)  2024;  116  (4):  46-56.
                  Докторанттың үлесі - 80%.








                                                                5
   1   2   3   4   5