Page 2 - Аңдатпаз
P. 2
Зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасындағы халықтың ішкі көші-
қон процестері.
Зерттеу нысанасы: Қазақстандағы ішкі көші-қон процестерін
реттеудің экономикалық құралдары.
Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы ішкі көші-қонды
реттеудің экономикалық құралдарын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу
болып табылады.
Зерттеудің мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу көзделеді:
1) ішкі көші-қонды зерттеудің теориялық әдіснамалық тәсілдерін
жүйелеу және кеңейту;
2) дамыған елдерде қолданылатын экономикалық құралдарды қоса
алғанда, ішкі көші-қонды реттеудің шетелдік тәжірибесін зерделеу;
3) Қазақстан Республикасындағы ішкі көші-қонды реттеудің
экономикалық құралдарына талдау жүргізу;
4) Қазақстандағы ішкі көші-қонды реттеудің экономикалық құралдарын
жіктеу және олардың тиімділігін бағалау;
5) Қазақстандағы көші-қон саясатын және ішкі көші-қонды реттеудің
экономикалық құралдарын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
Зерттеу әдіснамасы мен әдістері. Диссертациялық зерттеудің
теориялық негізі халықтың ішкі көші-қоны мәселелері бойынша өңірлер
бөлігінде шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінен, сондай-ақ ішкі
көші-қонды мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында реттеу
тиімділігіне экономикалық құралдардың әсерінен құралады. Зерттеуде
қолданылатын тұжырымдамалық тәсіл әлемдік көші-қон легінің заманауи
үрдістеріне және шетелдік тәжірибеде қолданылатын ішкі көші-қонды реттеу
тәсілдеріне негізделген.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ғылыми танымның жалпы ғылыми
әдістерінен құралған: талдау және синтез, жүйелік және пәнаралық тәсілдер,
дедукция әдісі, құжаттарды талдау, тарихи зерттеу әдістері, деректерді
статистикалық талдау, болжау, модельдеу, жаппай әлеуметтанулық сауалнама
және сараптамалық сауалнама әдістері, эконометрикалық және графикалық
талдаулар.
Алынған нәтижелердің жаңашылдығы мен маңыздылығы
Қазақстан Республикасындағы ішкі көші-қонды реттеудің экономикалық
құралдары жүйесін жетілдіруге бағытталған жиынтық ғылыми-әдістемелік
тәсілдерді және практикалық ұсынымдарды әзірлеуді қамтиды. Зерттеуде ішкі
көші-қонды реттеудің экономикалық құралдарының анықтамасы нақтыланып,
олардың түрлері мен тиімділік критерийлері бойынша жіктелуі негізделген.
Жұмысқа орналастырылған қоныс аударушылар үшін салық несиесі түрінде
жұмыс берушілерге ұзақ мерзімді қаржылық ынталандыру тетігі ұсынылды.
ЖӨӨ мен жұмыссыздық деңгейіне байланысты ағындарды болжауға
мүмкіндік беретін көші-қон факторларының эконометрикалық моделі
әзірленді. Мониторингтің ашықтығын қамтамасыз ететін, қоныс
2