Page 3 - Аңдатпа
P. 3
1. Ақылды қала ұғымының тұрақты даму контексіндегі теориялық-
институционалдық интерпретациясы алғаш рет жүйеленіп, оның мемлекеттік
басқару жүйесімен байланысы ғылыми негізделді.
2. Қазақстан Республикасындағы ақылды қалаларды мемлекеттік
реттеу құралдары мен әдістерінің қазіргі ахуалы кешенді түрде талданып,
олардың тиімділігі мен қолдану мүмкіндіктері Түркістан қаласының
мысалында бағаланды.
3. Шетелдік және қазақстандық тәжірибелер талданып, Түркістан
қаласының жағдайына бейімдеуге мүмкіндік беретін негізгі тәсілдер, тиімді
практикалар мен құралдар зерделенді.
4. Түркістан қаласында «ақылды қала» тұжырымдамасын іске асыруға
мүмкіндік беретін көрсеткіштер анықталды.
5. Түркістан қаласына бейімделген ақылды қаланы басқарудың
институционалдық-құқықтық моделі әзірленіп, оның негізгі құрылымдық
элементтері мен өзара байланыс тетіктері ұсынылды.
Қорғауға манадай ережелер шығарылады:
1. «Ақылды қала» ұғымын тұрақты даму контексінде мемлекеттік реттеу
жүйесіне интеграциялау — қалаларды басқарудың заманауи тәсілдерінің бірі
ретінде ұсынылады. Бұл тәсіл Smart City тұжырымдамасының тек
технологиялық аспектілерімен шектелмей, оны институционалдық,
әлеуметтік және экономикалық факторлармен өзара байланыста кешенді түрде
қарастыру қажеттігін көрсетеді. Теориялық модельдер мен институционалдық
талдау негізінде бұл тәсіл жаңа ғылыми тұжырым ретінде қалыптасады.
2. Қазақстандағы ақылды қалаларды мемлекеттік реттеу тиімділігін
бағалау үшін әмбебап индикаторлар жүйесі мен бағалау модельдерін енгізу
ұсынылады. Зерттеу нәтижесінде мемлекеттік реттеу құралдарының тиімділігі
Түркістан қаласының нақты мысалында бағаланып, бағалау үшін қолдануға
болатын көрсеткіштер мен аналитикалық әдістер ұсынылды. Бұл құралдар
қалалық саясаттағы шешім қабылдауды дәлелді етуге мүмкіндік береді.
3. Smart City тұжырымдамасын өңірлік деңгейде бейімдеу үшін
халықаралық озық тәжірибелер мен ұлттық ерекшеліктерді үйлестіру тетіктері
әзірленді. Шетелдік және отандық тәжірибелерді салыстырмалы талдау
нәтижесінде Түркістан қаласына бейімделген нақты ұсыныстар мен құралдар
жасалды. Бұл тәжірибелер смарт-инфрақұрылымды дамытудың үлгілік
тәсілдерін ұсына отырып, басқа қалаларға таратуға мүмкіндік береді.
4. Түркістан қаласына бейімделген Smart City-ді басқарудың
институционалдық-құқықтық моделі урбанистік жүйені жаңғыртудың
практикалық құралы ретінде ұсынылады. Зерттеуде әзірленген
институционалдық модель мемлекеттік, жеке және азаматтық сектор
арасындағы серіктестікке негізделген, көпдеңгейлі басқару қағидатына сәйкес
келеді. Бұл модельді қорғауға шығару қалалық даму стратегиясын жүйелеуге
және тиімді басқару тетіктерін енгізуге негіз болады.
Зерттеу әдістемесі мен әдістері. Азаматтардың «ақылды қала»
жобаларына қатысты көзқарастары, қатысу деңгейі мен бағалау ұстанымдары
арнайы эмпирикалық деректер негізінде талданды. Зерттеу шеңберінде 2022