Page 1 - Аңдатпа
P. 1
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің
докторанты Кулбаева Айгерим Амангелдиевнаның «8D04114
Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша
философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Тұрақты даму
мақсаттары негізінде ақылды қаланы мемлекеттік реттеу жолдары
(Түркістан қаласы мысалында)» тақырыбындағы диссертациялық
жұмысына
АҢДАТПА
Зерттеу өзектілігі. Әлем халқының көбеюі мен урбанизацияның
қарқынды дамуы нәтижесінде қалалардағы халық саны 2050 жылға қарай 66%-
ға жетіп, бұл 2,5 миллиардтан астам жаңа қала тұрғындарына тең болмақ.
Мұндай өсу қалалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыруды,
экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді және өмір сүру сапасын
жақсартуды талап етеді. Осы мақсатта ақылды қала тұжырымдамасын енгізу
өзекті.
Қазақстанда ақылды қала жобалары цифрландырудың маңызды бөлігі
ретінде қарастырылып, мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Ақылды қала
— бұл қалалық инфрақұрылымды тиімді басқаруға, өмір сүру сапасын
жақсартуға және экологиялық әсерді азайтуға бағытталған ақпараттық-
коммуникациялық технологияларға негізделген. Елдің негізгі стратегиялық
құжаттары, соның ішінде «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Ақпараттық
Қазақстан-2020» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламалары, қалаларды
цифрландыруды және урбанизацияны тұрақты дамытуға арналған. «Ақылды
қала» жобаларын дамыту қалалық инфрақұрылымды жақсартуға, экологиялық
проблемаларды шешуге және әлеуметтік шиеленісті төмендетуге мүмкіндік
береді. Бұл модель қазіргі заманғы урбанизацияның қажеттіліктеріне жауап
бере отырып, қалаларды цифрландыру арқылы тұрғындардың өмір сүру
сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Бұл тұжырымдама инновациялық технологияларды қолдана отырып,
көлік, экология, қауіпсіздік және ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз
етеді. Ақылды қала моделі қалаларды жүйелі басқаруға және олардың
инфрақұрылымын жаңартуға мүмкіндік беретін стратегиялық шешім ретінде
қарастырылады. Қазақстандағы урбанизация деңгейінің өсуі, қалалық
аумақтардың кеңеюі және ресурстардың шектеулі болуы бұл тақырыптың
өзектілігін дәлелдейді.
Мәселенің ғылыми зерттелу дәрежесі: ақылды қалаларды мемлекеттік
басқару мәселелері көптеген ғылыми зерттеулерге негіз болды.
Шетелдік авторлардан Giffinger R., Caputo F., Ningrum T. P., Huda N. U.,
Anthony Jr B., Majid M. A., Romli A., Bokolo A. J және Majid M. A., Romli A.
A., Su K., Li J., Fu H. және т.б. еңбектерінде ақылды қаланың дамуы мен
мемлекеттік реттелу мәселелерін зерттеген.
Рессейлік ғалымдардың ішінде қарастырылып отырған мәселені
зерттеуге үлкен үлес қосқан келесі авторларды атап өтуге болады: Антонова
А.В., Христиановский В.В., Щербина В.П. және т.б.