Page 69 - Dissertation
P. 69

Бұл модель тек техникалық модернизацияны емес, сонымен қатар экологиялық
                  тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және
                  тұрғындардың   өмір   сүру   деңгейін   жақсарту   арқылы   тұрақты   даму
                  мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуді көздейді.
                        Түркістан   қаласы   –   Қазақстандағы   «ақылды   қала»   бастамаларын   іске
                  асыру бойынша пилоттық өңір ретінде таңдалып, тұрақты дамудың өңірлік
                  үлгісін   қалыптастыруда.   Бұл   бағыттағы   мемлекеттік   реттеу   тетіктері
                  нормативтік-құқықтық және әдіснамалық құжаттар арқылы жүзеге асырылуда.
                  Атап   айтқанда,   Түркістан   қаласында   «Ақылды   қала»   жобаларын   жүзеге
                  асырудың негізгі нормативтік негізі – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
                  инновациялар   және   аэроғарыш   өнеркәсібі   министрлігінің   2020   жылғы   27
                  қарашадағы   №436/НҚ   бұйрығымен   бекітілген   «Ақылды   қала»   эталондық
                  стандарты болып табылады [99 б. 8]. Бұл стандартта смарт-инфрақұрылымды
                  жобалау, енгізу  және басқарудың  негізгі  принциптері  көрсетілген,  және ол
                  ТДМ көрсеткіштеріне қол жеткізуде жол картасы ретінде қызмет етеді.
                          «Цифрлық   Қазақстан»   2018–2022   жж.   мемлекеттік   бағдарламасы
                  шеңберінде Түркістан қаласында бірқатар цифрлық және экологиялық жобалар
                  іске   асырылып   келеді.   Бұл   құжатта   қалалық   инфрақұрылымды   жаңғырту,
                  мемлекеттік   қызметтерді   автоматтандыру   және   халықтың   цифрлық
                  сауаттылығын арттыру арқылы тұрақты экономикалық өсуге жету жолдары
                  қарастырылған [4 б. 4].
                        Мемлекеттік   реттеу   жүйесінде   бұл   құжаттар   мен   тетіктер   цифрлық

                  шешімдерді енгізу арқылы қалалық ресурстарды тиімді пайдалану, жергілікті
                  тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау
                  сапасын   жақсарту,   сондай-ақ   экологиялық   ахуалды   оңалту   сияқты   ТДМ
                  мақсаттарына тікелей ықпал етуде. Осылайша, Түркістан қаласы мысалында
                  «Ақылды   қала»   тұжырымдамасын   мемлекеттік   деңгейде   реттеу   –   тұрақты
                  дамудың   тиімді   тетіктерінің   бірі   ретінде   дәлелденуде.   Бұл   тәжірибе
                  Қазақстанның өзге өңірлері үшін үлгі бола алады және елдің цифрлық және
                  тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам ретінде қарастырылады.
                        Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Түркістан қаласының ақылды
                  қалаларын   басқару   және   олар  үшін  өз   жүйесін   әзірлеу   үшін   азаматтардың
                  энергиясын, идеялары мен қабілеттерін пайдалану тәсілдері қарастырылады.
                        Бұл   тәсілде   ақылды   сөзінің   мағынасы   интеллектуалды   өнімдермен,
                  инфрақұрылымды жаңартумен және ең жаңа технологиялармен шектелмейді:
                  ол   сонымен   қатар   шексіз   адами   әлеуеттің,   атап   айтқанда   жастардың
                  технологиялық   және   ақпараттық   мүмкіндіктермен   ынтымақтастығына
                  негізделген ақылды әдістерді қамтиды.
                        Ақылды   қала   жобаға   азаматтық   қатысу,   урбанизация,   стартап   қызметі
                  және осы қалаларда орналасқан институттар сияқты қоғамдық инновациялар
                  мен   қала  құрылысы  бастамаларын  енгізуге  қатысатын  әртүрлі  секторларды
                  тарту   арқылы   күшейтілуі   мүмкін.   05.10.2021   жылы     Қазақтелеком   мен
                  Түркістан   облысы   әкімдігінің   ынтымақтастық   туралы   меморандумға   қол




                  69
   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74