Page 5 - Аннотация
P. 5

4. Басқару персоналының қызметін бағалауды жетілдіру тетігі.
                        5. Персоналдың басқару әлеуетін бағалаудың жүйелік моделі.
                         Зерттеудің практикалық маңыздылығы.
                        Жұмыста  көрсетілген  ережелер  кәсіпорынның  кадр  менеджменті
                  процесінде  пайдалануға  болатын  нақты  практикалық  ұсыныстар  мен
                  ұсынымдар  деңгейіне  дейін  жеткізілген,  демек,  бұл  барлық  бөлімшелердің
                  басқару      персоналы        қызметінің       нәтижелілігін       объективті       бағалауға,
                  кәсіпорынды  кадрлық  қамтамасыз  етуді  жүзеге  асыруға  және  кадр  саясатын
                  қалыптастыруға мүмкіндік береді.
                        Әзірленген       ұсынымдар        Түркістан       облысының         жеңіл      өнеркәсіп
                  кәсіпорындарында басқару персоналының қызметін бағалау үшін пайдалануға
                  қабылданды. Алынған нәтижелерді іс жүзінде пайдалану:
                        - кәсіпорынның жұмыс істеуінің жалпы нәтижесіне иерархияның төменгі
                  және орта деңгейіндегі әрбір басшы мен маманның үлес дәрежесін анықтау;
                        -  басқарушы  персоналды  кадрлық  ауыстыру  процесінде  объективті
                  шешімдер қабылдау;
                        -  кәсіпорынның  басқару  персоналын  оның  қызметінің  нәтижелілігіне
                  байланысты  қосымша  материалдық  көтермелеуді  (сыйлықақыны)  бейнелеуге
                  мүмкіндік береді.
                        Зерттеу  авторы  ұсынған  практикалық  ұсынымдар  экономикалық
                  мамандықтардың  студенттеріне  баяндалатын  «Персоналды  басқару»  және
                  «Кадр менеджменті» оқу курстарының құрылымы мен мазмұнын әзірлеу үшін
                  пайдаланылуы  мүмкін.  Басқарушы  персоналдың  нәтижелілігін  бағалау
                  жүйесінің теориялық негіздерін әзірлеудің ғылыми міндеттерін шешу бойынша
                  тұжырымдалған  және  негізделген  ғылыми  ережелер,  тұжырымдар  мен
                  ұсынымдар ізденушінің қосқан жеке үлесі болып табылады.

                        Сенімділік  дәрежесі  ресми  деректермен,  статистикалық  талдау  әдістерін
                  пайдаланумен  расталады.  Зерттеудің  нәтижелері  мен  қорытындылары
                  халықаралық  конференцияларда  баяндамалар  түрінде  сынақтан  өткізіліп,
                  өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында пайдаланылды.
                         Зерттеу нәтижелерін апробациялау және оларды енгізу.
                        Диссертация  ізденушінің  жеке-дара  ғылыми  еңбегі  болып  табылады.
                  Барлық нәтижелерді тікелей ізденуші алды және баспа жұмыстарында көрініс
                  тапты.  Диссертацияда  ізденуші  өзінің  ғылыми  идеяларын,  оның  ішінде  қос
                  авторлықта орындалған жұмыстарда баяндалған идеяларын пайдаланған.
                        Диссертациялық  зерттеу  барысында  алынған  нәтижелер  8  ғылыми
                  жұмыста  жарияланды:  1  мақала  Scopus  индекстелетін  базасында,  пән  -
                  экономика  (жарияланған  кездегі  процентиль  -  60  құрады);  ҚР  ҒЖБМ
                  ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарда 5 мақала; 2 мақала - халықаралық ғылыми
                  конференциялар  материалдарында.  Бұдан  басқа,  зерттеу  нәтижелері  «Бал
                  Текстиль» ЖШС кәсіпорнында енгізілді.
                         Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден,
                  8  параграфтан  тұратын  үш  бөлімнен,  қорытындыдан,  155  атаудан  тұратын
                  пайдаланылған  дереккөздер  тізімінен  тұрады.  Диссертацияның  мәтіні  115
                  беттен тұрады, 19 сурет пен 13 кестеден құралған.
   1   2   3   4   5