Page 4 - Аннотация
P. 4
теориялық ізденістердің бұрын жарияланған авторлық материалдары да көрініс
тапты.
Әдіснамалық негізді жүйелі және статистикалық әдіснаманы, сондай-ақ
экономикалық-математикалық модельдеу және құрылымдық талдау әдістерін
пайдаланатын зерттеулер құрады.
Қойылған мақсат пен міндеттер зерттеудің мынадай әдіснамасын
пайдалануға мүмкіндік берді: қадағалау - объективті шындық құбылыстарын
мақсатты түрде қабылдау; модельдеу - объектілердің, құбылыстардың,
процестердің модельдерін жасау және зерттеу; талдау - объектіні құрамдас
бөліктерге ойша немесе шынайы бөлуден тұратын ғылыми зерттеу әдісі; синтез
- жекелеген элементтерді біртұтас тұтастыққа біріктіруден тұратын ғылыми
зерттеу әдісі. абстракциялау - бізді қызықтыратын қасиеттер мен қатынастарды
бөліп көрсету мақсатында зерттелетін құбылыстың бірқатар қасиеттері мен
қатынастарынан алшақтауды білдіретін ғылыми зерттеу әдісі; жалпылау -
объектілер мен құбылыстардың жалпы белгілері мен қасиеттерін бөліп
көрсетуден тұратын ғылыми зерттеу әдісі; индукция - жекелеген фактілерден
жалпы жағдайға қарай қозғалудан тұратын ғылыми зерттеу әдісі; дедукция -
жалпы ережелерден жеке қорытындыларға қарай қозғалудан тұратын ғылыми
зерттеу әдісі; жүйелік талдау - басқару персоналы нәтижелілігінің бағалау
критерийлері жүйесінің құрамы мен құрылымын айқындау және негіздеу үшін.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы төмендегідей:
1. Басқарушы персоналды бағалаудың теориялық негіздерін зерделеу
негізінде ұйымның персоналын басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері
айқындалды және оны жүргізу тиімділігі тұрғысынан басқарушы персоналды
бағалауды жүргізу процесі айқындалды.
2. Басқару персоналын бағалау әдістері анықталды әрі жүйелендірілді және
өнеркәсіп салаларында басқару персоналына талдау және бағалау жүргізуге
мүмкіндік беретін индикаторларды (өндірістік, қаржылық, маркетингтік,
әкімшілік) қамтитын басқару кадрлары жұмысының нәтижелілігін бағалау
критерийлері айқындалды.
3. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының басқарушы персоналы қызметінің
нәтижелілігін бағалаудың ұсынылған құрылымы негізінде өнеркәсіптегі
басқарушы персоналды бағалауды декомпозициялау алгоритмі әзірленді.
4. Басшылардың еңбек нәтижелерін айқындайтын белгілерді бағалауды
жүргізу негізінде басқарушы персоналдың қызметін бағалауды жетілдіру тетігі
әзірленді
5. Түркістан облысының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы басқару
персоналын бағалау және персоналдың басқару әлеуетін жүйелеу негізінде
персоналдың басқару әлеуетін бағалаудың жүйелік моделі әзірленді.
Қорғауға шығарылатын ережелер :
1. Басқару еңбегінің тиімділігін бағалау тұрғысынан басқару жүйесі және
басқару персоналына бағалау жүргізу процесі.
2. Өнеркәсіп салаларындағы басқару кадрлары жұмысының нәтижелілігін
бағалау критерийлері.
3. Өнеркәсіптегі басқару персоналын бағалау декомпозициялары.