Page 3 - Аннотация
P. 3
Диссертациялық жұмыстың мақсаты басқарушы персоналдың қызметін
бағалау жүйесін құру бойынша әдістемелік тәсілдер мен практикалық
ұсынымдарды теориялық негіздеу, жетілдіру және іске асыру болып табылады.
Осыған байланысты диссертациялық зерттеу шеңберінде мынадай
міндеттер қойылды:
- басқару персоналын бағалаудың теориялық аспектілерін зерделеу;
- басқару персоналын бағалау әдіснамасын жүйелеу;
- басқарушы персоналды бағалауды ұйымдастыру мен жүргізудің шетелдік
тәжірибесіне талдау жүргізу;
- Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жай-күйін талдау;
- жеңіл өнеркәсіптегі персоналды басқару моделін қалыптастыру
ерекшеліктерін анықтау;
- Түркістан облысының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы басқару
персоналын бағалау жүйесінің қазіргі жай-күйіне талдау жүргізу;
- персоналдың басқару әлеуетін бағалаудың жүйелік моделін әзірлеу.
Зерттеудің мәні мен объектісі.
Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы басқару
персоналы зерттеу объектісі болып табылады.
Зерттеудің мәні өнеркәсіптік кәсіпорында кадрлық шешімдер қабылдауда
басқару персоналы қызметінің нәтижелілігін бағалауды теориялық, әдістемелік
және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі заманауи экономикалық
теория және персоналды басқару теориясы болып табылады. Диссертацияның
ақпараттық базасы нормативтік актілер, ҚР Түркістан облысының жеңіл
өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысы туралы статистикалық және қаржылық
есептілік деректері болып табылады.
Зерттеудің ақпараттық базасы ҚР заңнамалық актілері, ҚР Стратегиялық
Жоспарлау және Реформалар жөніндегі Агенттігінің Ұлттық Статистика
Бюросының деректері, ҚР ұлттық жобалары және т.б. болды. Жұмыста
мерзімді басылымдардың материалдары пайдаланылды, басқару персоналының
қызметін бағалау саласындағы халықаралық ұйымдардың материалдары
қорытылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы ресми әлемдік және қазақстандық
деректерге негізделген. Басқарушылық еңбек нәтижелерін бағалау
критерийлерін белгілеудің, қалыптастырудың және түрлендірудің алуан түрлі
тәсілдерін қамтиды. Сондай-ақ әр түрлі бағынысты деңгейдегі мемлекеттік
құрылымдардың заңнамалық және нормативтік құжаттарын қамтиды;
қазақстандық және әлемдік авторлардың еңбектері, еңбек ресурстарының
экономикасы саласындағы эмпирикалық зерттеулер. Өз зерттеулерін басқару
персоналының бағалау критерийлерін, әлеуеті мен құзыреттерін әзірлеудің
тұжырымдамалық негіздеріне арнаған шетелдік және отандық ғалымдардың
еңбектеріне талдау жүргізу басты орынға қойылған. Диссертацияда отандық
және шетелдік ғылыми еңбектерде жарияланған деректер, сондай-ақ ресми
сайттарда орналастырылған ақпарат пайдаланылды. Зерттеу барысында