Page 40 - Диссертация
P. 40

Ҥкімет  қызметінің  тиімділігі  пен  ашықтықтығын  арттыратын  орталық  және
                  ЖӚӚБ  органдары  арасындағы  қызметтердің  дҧрыс  бӛлістірілуіне  қол
                  жеткіземіз [80].
                        ҚР  билікті  орталықтандырудың  жоғары  дәрежесі  қалыптасқан  унитарлы
                  мемлекет болып табылады. Дегенмен, біздің мемлекетімізде жҥзеге асырылып
                  жатқан  реформалар  аясында  ЖӚӚБ  маңызды  рӛл  атқарады.  Ел  ӛңірлерінде
                  жергілікті  ӛкілді  органдар  –  мәслихаттар  қызмет  атқарады,  бірақ    олардың
                  мҥмкіндіктері әлі де шектеулі.
                        Қазіргі  таңда,  дҥниежҥзінде  жаһандық  нарықтарға  ҧлттық  бәсекеге
                  қабілеттілік  пен  фискалдық,  әкімшілік  бейорталықтандыруға  ынталандыруды
                  кҥшейту міндеті қойылып отыр [81]. Бейорталықтандыру нәтижесінде аймақтар
                  мен жергілікті басқару органдары экономикалық дамуды тиімді жҥзеге асыру
                  мҥмкіндіктеріне  ие  болады.  Сайлау  жҥйесі  әкімдердің  барлық  деңгейде
                  сайлануына қарай ӛзгереді. Сонымен қатар бюджет ҥрдісіндегі мәслихаттардың
                  рӛлі  кҥшейуі  мҥмкін.  Мемлекеттік  басқарудың  субҧлттық  органдарына
                  қосымша  қаржылық  мҥмкіндіктер  беруге  болады  және  де  оқыту,  техникалық
                  кӛмек, жергілікті орындарда саяси іс шараларды жҥзеге асыру, нақты айтқанда
                  бюджетті  басқару  саласы  бойынша  әдістемелік  нҧсқаулар  ҧсынуға  болады.
                  Тҥрлі  халықаралық  ҧйымдарға  қатысу  бейорталықтандыру  бағытында
                  жҥргізіліп жатқан реформаларға ерекше басымдық береді [77,б. 129].
                        Орталық  ҥкіметтің  шешім  қабылдауға  монополиясына  қарсы  тҧру  ҥшін
                  билікті  бейорталықтандыру  ҥрдісі  жҥзеге  асырылады.  Оның  бағыттары
                  келесідей болады:
                        - Тҧрақты демократиялық жҥйе қҧру;
                        - Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру;
                        - Экономикалық даму ҥшін тҧрақты негіз қҧруды ынталандыру;

                        - Ашық басқару;
                        - Шешім қабылдау ҥрдісіне азаматтарды тарту [78,р. 1-15].
                        Бейорталықтандыру  ашықтық  пен  есеп  беру  қағидасын  нығайтады.  Есеп
                  беру  қағидасы  жергілікті  тӛменгі  деңгейде  жақсы  жҧмыс  істейді,  белгілі
                  ӛкілеттіктерге ие ҥкімет ӛз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарайды.
                  Бейорталықтандыру, сонымен қатар, жергілікті тҧрғындардың шешім қабылдау
                  ҥрдісіне  қатысу  деңгейін  арттырады.  Демократияландырудың  маңызды
                  элементі  бола  отырып,  бҧл  ҥрдіс  азаматтардың  шешім  қабылдау  ҥрдісіне
                  қатысуын       кҥшейтеді.       Бейорталықтандырудың             негізгі    тҧжырымдамасы
                  азаматтарға жақын субсолидарлық, басқару принципі болып табылады [82].
                        Бейорталықтандыру  -  саяси,  фискалдық  ӛкілеттіктерді  орталық  басқару
                  органдарынан  жергілікті  деңгейге  беру  бойынша  шешім  қабылдау  процесі
                  ретінде  анықталады.  Бҧл  реформа  бҥкіл  әлемде,  негізінен  саяси  ӛзгерістерге
                  ҧшыраған елдерде демократияландыруға бағытталған.
                        Бейорталықтандыру ҥрдісі келесі деңгейлерден тҧрады:
                        1.  Орталықсыздандыру  -  орталықтың  жҧмыс  кӛлемін  азайтып,  ҥкіметті
                  азаматтарға жақындатады.



                                                                 40
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45