Page 42 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 42
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ
Мәселе:
Мен қызымды жұмыс орнымнан ұзақтау балабақшадан кешкі сағат 18.30-
ға дейін алуым қажет. Алайда, жұмыс уақытым 19.00-де аяқталады. Күнделікті
жұмыстан ерте шығып, балабақшадан қызымды алу үшін жұмыс уақытын қалай
реттесем болады?
Шешу жолдары:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 74-бабына сәйкес,
қызметші, оның ішінде қашықтан жұмыс істейтін қызметші үшін олардың
әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерін өндіріс мүдделерімен
үйлестіру мақсатында икемді жұмыс уақыты режимі белгіленуі мүмкін. Ол үшін,
жұмыс уақытының 8 сағаттық ұзақтығын сақтай отырып, жұмысқа 30 минут ерте
келу және түскі үзіліс уақытын 1 сағатқа қысқарту арқылы кешкі 17.30-да ерте
шығып кетуге рұқсат сұрап, икемді жұмыс уақыты режимін белгілеу бойынша
мемлекеттік органның басшысына өтініш жазу керексіз. Икемді жұмыс уақыты
кезіндегі есептік кезең алты айдан аспайды.
Дайындаған: Сариева Жамиля Алиакпарқызы, Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент
қаласы бойынша филиалы Білім беру бағдарламаларын ілгерілету және іске
асыру кабинетінің аға оқытушысы
Кейс: Қосымша жұмыс атқару құқығы туралы
Мәселе:
Үш жылға дейін бала күтіміндегі жалақысы сақталмайтын демалыста
отырған мемлекеттік қызметшіге қоғамдық бірлестік тарапынан арнайы
жасалатын келісім-шарт арқылы ғылыми-жобалық іс-шараға сарапшы болуға
ұсыныс түсті. Келісім шартта, қызметін 6 ай көлемінде атқарып, нәтижесінде 850
мыңға жуық ақы төленетіндігі көзделген. Алайда, «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3)
тармақшасында «Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген
адамдарға педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті
қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады», -
деп көрсетілген. Мемлекеттік қызметші аталған ғылыми-жобалық іс-шараға
сарапшы болып ақы алуы заңды ма?
Шешу жолдары:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдармен мемлекеттік
қызметшілерге ақылы ғылыми қызметпен айналысуға тыйым салынбайды.
42