Page 41 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 41

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
                                                                                   КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ


                  Жоғарыда  көрсетілген  қағидаттарға  сәйкес  Әдеп  жөніндегі  кеңестің
            шешімімен ауылдық округ әкімінің іс-әрекеті Әдеп кодексінің талаптарына сай

            емес екендігі анықталды.

                  Дайындаған:  Негметжанова  Мариям  Кадыровна,  Академияның  Жетісу
            облысы бойынша аға оқытушысы


                   Кейс: Мемлекеттік қызметшінің жауаптылығы

                   Мәселе:

                   Мемлекеттік  сатып  алу  тәсілімен  орындалған  абаттандыруға  қатысты
            жұмыстың  нәтижесін  қабылдау  комиссиясының  құрамында  болу  және
            мердігерден қабылдау актісіне қол қою өкілеттігі мен қызмет ететін құрылымдық
            бөлімшенің  ережесінде  және  лауазымдық  нұсқаулығымда  жоқ.  Сәйкесінше,
            атқарылып  жатқан  жұмыстардың  басы-қасында  болмадым.  Мемлекеттік
            органның бірінші басшысы аталған комиссияның құрамына мені енгізіп, қол қою

            қажеттігімді тапсырды. Бұл жағдайда қалай әрекет етсем болады?



                   Шешу жолдары:
                   Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңның 43-бабы
            1,2-тармағына  сәйкес,  мемлекеттік  қызметші  атқару  үшін  алынған  өкімнің

            құқыққа  сыйымды  екеніне  күмәнданған  кезде  ол  жөнінде  өзінің  тікелей
            басшысына  және  өкімді  берген  басшыға  жазбаша  нысанда  дереу  хабарлауға
            тиіс.  Лауазымы  бойынша  жоғары  тұрған  басшы  осы  өкімді  жазбаша  түрде
            растаған жағдайда, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге
            әкеп  соқпайтын  болса,  мемлекеттік  қызметші  оны  орындауға  міндетті.
            Мемлекеттік қызметшінің құқыққа сыйымсыз өкімді орындауының салдарлары
            үшін  осы  өкімді  растаған  басшы  жауапты  болады.  Лауазымды  адамдардың
            лауазымдық  өкілеттіктерді  атқаруға  қатысы  жоқ  және  (немесе)  Қазақстан

            Республикасының  заңнамасын  бұзуға  бағытталған  бұйрықтар  мен  нұсқаулар
            беруіне тыйым салынады.

                   Дайындаған: Сариева Жамиля Алиакпарқызы, Қазақстан Республикасы
            Президентінің  жанындағы Мемлекеттік  басқару академиясының  Шымкент
            қаласы бойынша филиалы Білім беру бағдарламаларын ілгерілету және іске
            асыру кабинетінің аға оқытушысы


                   Кейс: Икемді жұмыс уақытын пайдалану


                                                           41
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46