Page 2 - Document
P. 2
профессоры. Үміткерлер құжаттарын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің
ақпараттық жүйесіне жүктеді.
2022 жылғы 9–11 қараша аралығында үміткерлердің құжаттарын ҚР
Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сараптамалық тобы
қарады. Оқытушылардың сауалнамаларына сараптама жүргізілді, жүргізілген
жұмыс нәтижелері сараптамалық топтың хаттамасында көрсетілген.
Комиссия төрағасы Б.Н. Боқаев: сараптамалық топ жұмысының
қорытындысы бойынша үміткерлерге берілген баллдарға дауыс беруді сұраймын.
Кім «қарсы емес», «қарсы», «қалыс қалды»?
Шешім бірауыздан қабылданды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Ең көп балл жинаған үміткерді Ғылыми
кеңестің қарауына ұсыну» бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
конкурсына қатысуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның мүшесі, ОПҚ
Сенатының төрағасы, Басқару институтының профессоры С.А. Жұмабаев сөз
сөйледі.
С.А. ЖҰМАБАЕВ: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының
ЖОО ішіндегі кезеңінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру үшін
үміткердің жұмысын бағалау барысында сапалық және сандық көрсеткіштерге
сараптама жүргізгеннен кейін, комиссия Ғылыми кеңестің қарауына ҚР
Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы
бойынша филиалының профессоры, э.ғ.д. А.М. Есіркепованың кандидатурасын
ұсынады, А.М. Есіркепова «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының
екінші (республикалық) кезеңіне қатысу шарты бойынша ең көп балл – 58 балл
жинады.
Комиссия төрағасы Б.Н. Боқаев: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
конкурсының 2-кезеңіне қатысу шарты бойынша ең көп балл жинаған
А.М. Есіркепованың кандидатурасын Ғылыми кеңестің қарауына ұсынуға дауыс
беруді сұраймын. Кім «қарсы емес», «қарсы», «қалыс қалды»?
Шешім бірауыздан қабылданды.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Сараптамалық топ ұсынған, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
конкурсының екінші (республикалық) кезеңіне қатысу үшін үміткерлердің баллдары
мына тәртіп бойынша бекітілсін:
№ Тегі Аты Әкесінің аты Оқытушының Сараптамадан
баллы кейінгі балл
1 Есіркепова Алтын Махмудқызы 57,75 58
2 Жансейітов Азамат Төлешұлы 71 31