Page 1 - Document
P. 1

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының
                     екінші (республикалық) кезеңіне қатысуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі
                                          ЖОО ішіндегі комиссия отырысының
                                                        ХАТТАМАСЫ

                         Астана қ.                                                                                    11 қараша 2022 ж.

                         Орналасқан  жері:  «Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы
                  Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК, Қазақстан Республикасы, 01000, Астана
                  қ., «Сарыарқа» ауданы, Абай даңғ., 33-А.

                         Отырыстың ашылу уақыты мен өтетін орны: сағ. 15:00-де, 705-каб.

                         Қатысқандар:
                         Бауыржан Нұрланұлы Боқаев – академиялық қызмет жөніндегі вице-ректор,
                  төраға;
                         Маргарита Бөлегенқызы Қадырова – Кәсіби даму институтының директоры;
                         Серік Әсетұлы Жұмабаев – ОПҚ Сенатының төрағасы, Басқару институтының
                  профессоры;
                         Рымкүл Аманжолқызы Исмаилова – МСҰМ профессоры;
                         Лариса Ислямқызы Құсайынова – Басқару институтының профессоры.

                         Шақырылғандар:
                         Қ.Қ. Садықова – Басқару институты директорының орынбасары, PhD доктор;
                         Ғ.А. Ысқақова – Академияның ғалым хатшысы, п.ғ.к., доцент;
                         Ш.  Карибаев  –  Академияның  Білім  беру  саясаты  орталығының  жетекші
                  сарапшысы.

                                                        КҮН ТӘРТІБІ:

                         1.  «Жоғары  оқу  орнының  үздік  оқытушысы»  конкурсының  екінші
                  (республикалық) кезеңіне қатысуға үміткерлерді іріктеу.
                         2.  «Жоғары  оқу  орнының  үздік  оқытушысы»  конкурсының  екінші
                  (республикалық)  кезеңіне  қатысу  үшін  ең  көп  балл  жинаған  үміткерді  Ғылыми
                  кеңестің қарауына қарауына ұсыну туралы.

                                                        ТЫҢДАЛДЫ:

                         Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
                  конкурсының  екінші  (республикалық)  кезеңіне  қатысуға  үміткерлерді  іріктеу»
                  бойынша сараптамалық топтың жетекшісі Қ.Қ. Садықова сөз сөйледі.
                         Қ.Қ.  Садықова:  «Жоғары  оқу  орнының  үздік  оқытушысы»  конкурсының
                  ЖОО ішіндегі кезеңіне 2 оқытушы қатысты, атап айтқанда:
                         Азамат  Төлешұлы  Жансейітов  –  ғылым  магистрі,  ҚР  Президентінің
                  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясы  Қарағанды  облысы  бойынша
                  филиалының  Білім  беру  бағдарламаларын  әзірлеу  және  іске  асыру  кабинетінің
                  меңгерушісі;
                         Алтын  Махмудқызы  Есіркепова  –  э.ғ.д.,  ҚР  Президентінің  жанындағы
                  Мемлекеттік  басқару  академиясы  Шымкент  қаласы  бойынша  филиалының
   1   2   3