Page 4 - Document
P. 4

2.  Спорт  саласындағы  мемлекеттік  басқарудың  жүргізілген  талдауы
                  Қазақстанның спорт инфрақұрылымын басқару жүйесі оның дамуына теріс әсер
                  ететінін,  негізінен  халықтың  сұранысын  ескермей  спорт  ғимараттарын  салуға
                  және  жөндеуге  бағытталғанын  көрсетті.  Осыған  байланысты  халықтың
                  қажеттіліктерін  зерделеудің  жаңа  критерийлері  негізінде  спорт  нысандарын
                  дамытудың инновациялық бағыттарын жетілдіру қажеттілігі туындайды:
                  - халық арасында бұқаралық спортпен шұғылдану үшін спорт  нысандарының
                  кеңістіктік  қолжетімділігін  бағалау  және  қоғамдық  спорт  нысандарынын
                  кеңістіктік теңсіздігін жою;
                  -  стейкхолдерлердің,  оның  ішінде  бизнестің  мәдени  және  ойын-сауық
                  мекемелерін  дамытудағы  мүдделері  мен  уәждемелерін,  сондай-ақ  спорт
                  нысандарындағы әлеуметтік өзара іс-қимылды бағалау.
                  3.  Жүргізілген  талдау  негізінде  қарастырылып  отырған  сала  мекеменің
                  юрисдикциясына, басқару нысандары мен түрлеріне: мемлекеттік–жекеменшік
                  кәсіпорынға, сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ геолокацияға, спорт нысанының
                  ішкі  мазмұнына  қарамастан  спорттық  инфрақұрылымды  дамыту  жүзеге
                  асырылатын  спорттық  инфрақұрылымды  мемлекеттік  басқару  моделін
                  жетілдіруді қажет ететіні дәлелденді.  Мемлекеттік активтерді басқару моделі
                  мыналардан тұрады:
                  -  спорт  ғимараттарының  дирекциялары:  жоғары  жетістіктер  спорты,  әуесқой
                  спорт, бұқаралық спорт;
                  - тапсырмаға сәйкес модельде спорттық инфрақұрылымды орталықтандырылған

                  басқару және дамыту бойынша жобалау алаңын құру көзделеді;
                  -  спорттық  инфрақұрылымды  дамыту  бойынша  стратегия  әзірлеу  және
                  жоспарлау;
                  - спорт нысандарын басқару модельдерін қолдану;
                  - нысандарды нақты басқару;
                  - инженерлік;
                  - қаржылық бақылау және аудит.
                         Жаңа  модельді  қолдану  дене  шынықтыру  және  спортпен  шұғылдану
                  мақсатында халықтың қажеттіліктерін неғұрлым егжей-тегжейлі талдауға және
                  ескеруге, табиғи ландшафт пен әсерлі кешендерді бағалау негізінде бұқаралық
                  және ұлттық спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік береді.
                  4. Мемлекеттік басқарудың инновациялық моделін енгізу спорт нысандарының
                  электрондық  базасын  құру;  спорт  нысандарын  басқарудың  цифрлық
                  платформаларын            енгізу;      дене       шынықтырумен            және       спортпен
                  шұғылданатындардың жан басына шаққандағы есебін негізге ала отырып база
                  құру;  жасанды  интеллект  көмегімен  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуді  ескере
                  отырып,  ірі  қалалардағы  барлық  спорт  нысандары  бойынша  навигация
                  қосымшасын әзірлеу сияқты бағыттар бойынша жетілдіруді қажет етеді.
                         Бұл шаралар спорттық инфрақұрылымды дамытуды басқару мониторингін
                  жүзеге асыруға, сондай – ақ қаржылық модельді, жобаның инжинерлігін, әртүрлі
                  ұйымдық-құқықтық  нысандардағы  басқарудың  санды  моделін,  оның  ішінде




                                                                                                                 4
   1   2   3   4   5