Page 1 - Document
P. 1
«8D04113 – Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша
доктор дәрежесін алуға ұсынылған «Қазақстан Республикасында
бұқаралық спортты дамыту контексінде спорт инфрақұрылымын
мемлекеттік басқаруды жетілдіру» тақырыбындағы Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясының докторанты Тё Елена Васильевнаның диссертациялық
жұмысына
АҢДАТПА
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанда спорт және дене
шынықтырумен айналысу қоғамдық денсаулық пен экономиканың маңызды
саласы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанның спорттық
инфрақұрылым жүйесі қарқынды дамуда, ол үшін Үкімет дене шынықтыру мен
бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді
жоспарын қабылдады (ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 242 қаулысы).
Алайда, спорттық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шаралар еліміздің
барлық өңірлері үшін қажет, өйткені тиісті жабдықтары мен керек-жарақтары
бар қолжетімді спорт нысандарының жетіспеушілігі барлық жерде байқалады.
Қазіргі заманғы санды технологияларды енгізу арқылы спорттық
инфрақұрылымның қолжетімділігін кеңейту бойынша проблемалар бар.
Зерттеу проблемасын зерделеудің айрықша өзектілігі Қазақстанда спорт
инфрақұрылымын дамытудың ағымдағы жағдайы мен келешегін бағалау
бойынша спорттық инфрақұрылымды мемлекеттік басқаруды, талдамалық
материалдарды және шолуларды жетілдіру мәселелері бойынша зерттеу
жұмыстарындағы олқылықты құрайды, бұл осы саланы дамыту үшін ұсынымдар
мен ұсыныстар әзірлеу мәселесін қиындатады. Бірқатар мәселелер қолданыстағы
нормативтік - құқықтық актілермен және ел өңірлерінің әлеуметтік –
экономикалық даму деңгейімен және спорт инфрақұрылымының қазіргі
жағдайымен байланысты. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бірқатар елдер
спорттық инфрақұрылымды басқарудың инновациялық тәсілдерін әзірлеуде,
осыған сәйкес спорт саласындағы ұлттық тәжірибеде тиісті ғылыми зерттеулер
жүргізу мен спорт нысандарымен мемлекеттік басқаруды жетілдіру құралдарын
әзірлеу талап етіледі.
Зерттеу мәселесінің ғылыми даму дәрежесі. Мемлекеттік басқаруды
жетілдіру саласында шетелдік және қазақстандық әдебиеттердегі көптеген
басылымдар арналды. Сонымен қатар, талдау көрсеткендей, спорттық
инфрақұрылымды басқару мәселелері бойынша ғылыми жұмыстар негізінен
тұжырымдамалық аппаратқа, спорт құрылыстарын дамыту жөніндегі билік
органдарының шараларына, халықтың денсаулығын нығайту және өмір сүруге
деңгейін арттыру үшін спорттық инфрақұрылымның маңыздылығын түсінуге
қатысты болады. Қарастырылып отырған менеджмент модельдері аясында
зерттеу барысында әртүрлі тәсілдер бар екені анықталды, алайда, бұқаралық
спортқа қоғамды тартудың тиімді көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін спорт
1