Page 5 - Document
P. 5

әдіснамасы (құрылымдық талдау және жобалау әдіснамасы Structured Analysis
                  and Design Technique – SADT) қолданылды. Еңбекте көрсетілген бұл әдістеме
                  өнеркәсіптің  жалпыланған  күйін  сипаттаудан  бастап,  импорт  пен  экспорт
                  көлемінің  жеке  көрсеткіштеріне,  сондай-ақ  ішкі  нарыққа  жеңіл  өнеркәсіптің
                  жеткізу көлеміне дейінгі диаграммалар жүйесінде иерархияны анықтауға және
                  құруға  мүмкіндік  берді.  Сонымен  қатар,  алғаш  реті  жүйенің  тұтастай
                  сипаттамасы және оның ішкі нарықпен өзара әрекеттесуі жасалды (контекстік
                  диаграмма),  содан  кейін  жүйені  кіші  жүйелерге  бөлу  түрінде  функционалды
                  ыдыратылды.  Онда  әр  кіші  жүйе  елдің  жеңіл  өнеркәсібінің  тұрақтылығының
                  жеке көрсеткіштерін сипаттайды. Бұл сенімділік қағидатын сақтау үшін қажетті
                  нақтылық деңгейіне жетуге мүмкіндік берді.
                         Жұмыстың ғылыми жаңалығы төмендегідей:
                         1. Әлемдік практикадағы тұрақты даму стратегияларын зерттеу, сондай-
                  ақ  тұрақты  дамуды  қамтамасыз  ету  проблемалары  мен  тұрақты  экономика
                  нарығының  қозғаушы  күштерін  анықтау  негізінде  тұрақты  саланың  мақсатты
                  нәтижелері анықталды.
                         2.  Жеке  индикаторлардан  (құрылымдық,  өндірістік,  экономикалық,
                  әлеуметтік  және  экологиялық  тұрақтылық)  тұратын  тұрақты  саланың  ішкі
                  жүйесі анықталды.
                         3.  Жеңіл  өнеркәсіпті  дамыту  және  қолдау  саласындағы  шетелдік
                  тәжірибені  зерттеу  негізінде  әр  түрлі  елдерде  жеңіл  өнеркәсіптің  даму
                  тұрақтылығының салыстырмалы параметрлерін келтіру негізінде және SWOT-
                  талдау  жасау  арқылы  жеңіл  өнеркәсіпті  дамытудың  стратегиялық  бағыттары
                  анықталып, құрылымдалды.
                         4.  Жеңіл  өнеркәсіпті  дамытудың  стратегиялық  бағыттарын  іске  асыру
                  үшін  әзірленген  алгоритм  негізінде  Қазақстандағы  жеңіл  өнеркәсіп

                  кәсіпорындарын тұрақты дамытуды институционалдық қамтамасыз ету моделі
                  ұсынылды.
                         5.  Қазақстандағы  жеңіл  өнеркәсіптің  тұрақты  дамуының  негізгі
                  бағыттарын  бағалау,  сондай-ақ  саланың  тұрақты  даму  стратегиясын  әзірлеу
                  және  Қазақстан  Республикасының  жеңіл  өнеркәсіп  кәсіпорындарын  тұрақты
                  даму  моделіне  өту  процесінің  әзірленген  үлгілері  негізінде  жеңіл  өнеркәсіпті
                  мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі аясында тұрақты даму стратегиясын іске
                  асыру тетігі ұсынылды.
                          Қорғауға шығарылатын ережелер :
                         1.  Тұрақты  саланың  мақсатты  нәтижелері:  бизнестің  тұрақтылық
                  көрсеткіштерін  жақсарту,  құрылған  тұрақты  бизнес  кластерлер,  саланың
                  тұрақты өндірістік қуаты, салада өндірілетін өнімдердің тұрақтылығы, саланың
                  өнімдеріне жергілікті сұраныстың жақсаруы, тұрақты жасанды ортада, бизнес
                  қолдау, тұрақты инфрақұрылым, сондай-ақ саланың нарықтық имиджі.
                         2.  Тұрақты  саланың  ішкі  жүйесі,  оның  ішінде  жеке  индикаторлар
                  (құрылымдық,  өндірістік,  экономикалық,  әлеуметтік  және  экологиялық
                  тұрақтылық көрсеткіштері).
                         3. Жеңіл өнеркәсіпті тұрақты дамытудың стратегиялық бағыттары.
   1   2   3   4   5   6