Page 3 - Document
P. 3

Т.В.  Бегун,  А.И.  Татаркин,  К.С.  Давлатов,  Р.Н.  Дисембаев,  Э.A.Актуреева,
                  Ж.К.Жанабаева,         Э.Б.Тлесова,       Р.A.Жанбаев,        Д.Г.Максимов,         A.Е.Еркін,
                  Г.Р.Темирбаева, Б.Ж. Тагаров және басқа да ғалымдар қомақты үлес қосты.
                         Кәсіпорындарды  тұрақты  дамыту  мәселелеріне  арналған  шетелдік  және
                  отандық  ғалымдардың  еңбектерінде  аталған  мәслелені  шешудің  сан  алуан
                  жолдары көрсетілген. Тұрақты даму қағидаларының жүйесі С.Н. Бобылев және
                  Г.С.Розенберг, М.О.Подпругин, О.К.Цапиеваның еңбектері мен зерттеулерінде
                  көрсетілген.  В.Г.  Алиев,  А.Н.  Шветцов,  В.Т.  Ярыгина  сияқты  ғалымдар  осы
                  мәселенің аймақтық аспектілері бойынша еңбек етті.
                         М.  Биркин,  А.  Вебер,  В.  Кристаллер,  А.  Леш,  М.  Портер,  Й.  Тюнен
                  сияқты шетелдік ғалымдардың зерттеулерінде әлемдік және ұлттық экономика
                  салаларының  стратегиялық  даму  мәселелері,  олардың  тұрақтылығын
                  қамтамасыз ету мүддесі тұрғысынан қарастырылады.
                         Стратегиялық дамудың теориясы мен практикасы саласына ғаламдардың
                  қосқан  елеулі  үлесіне  қарамастан,  қазіргі  уақытта  көп  өлшемді  сипаты  мен
                  күрделілігіне  байланысты  стратегияны  әзірлеудің  тиімді  механизмін
                  қалыптастыру  тұрғысынан  жеңіл  өнеркәсіптің  тұрақты  даму  проблемалары
                  жете дамымаған. Сондықтан бұл зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болды.
                         Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
                         Диссертациялық  зерттеудің  мақсаты  халықаралық  және  қазақстандық
                  тәжірибе негізінде жеңіл өнеркәсіпті дамыту стратегиясын қалыптастыру және
                  оның тұрақтылығын қамтамасыз ететін тетіктерін әзірлеу болып табылады.
                         Осы мақсатқа сәйкес диссертациялық зерттеудің міндеттері белгіленді:
                         -  өнеркәсіп  саласының  тұрақты  дамуының  теориялық  және  әдістемелік
                  негіздерін нақтылау;
                         -  саланың  тұрақты  даму  факторларын  айқындау  және  өнеркәсіп

                  салаларының тұрақтылық индикаторларының жүйесін қалыптастыру;
                         -  Қазақстан  Республикасының  жеңіл  өнеркәсібін  дамыту  үрдістерін
                  талдау және анықтау;
                         - Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің тұрақты даму әлеуетін бағалау;
                         - Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің тұрақты даму бағыттарын анықтау;
                         -  Қазақстан  Республикасында  жеңіл  өнеркәсіпті  тұрақты  дамыту
                  стратегиясын іске асыру тетігін ұсыну.
                         Зерттеудің мәні мен объектісі.
                         Диссертациялық зерттеудің объектісі Қазақстан Республикасының жеңіл
                  өнеркәсібі болып табылады.
                         Зерттеудің  мәні  Қазақстан  Республикасында  жеңіл  өнеркәсіпті  тұрақты
                  дамыту стратегиясын қалыптастыру процестері болып табылады.
                          Зерттеудің  теориялық  және  әдіснамалық  негізін  отандық  және
                  шетелдік  ғалымдардың  өнеркәсіп  салаларының  тұрақты  даму  стратегиясын
                  қалыптастыру және іске асыру мселелері жөніндегі еңбектері құрады.
                         Зерттеудің  ақпараттық  базасы  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық
                  актілері,  Қазақстан  Республикасы  Стратегиялық  жоспарлау  және реформалар
                  агенттігінің      Ұлттық        статистика       бюросының          деректері,      Қазақстан
                  Республикасының  ұлттық  жобалары  және  т.б.  құрайды.  Жұмыста  мерзімді
   1   2   3   4   5   6