Page 78 - Аннотация
P. 78
стратегияның маңызды басымдығы деп аталды [124]. «Қазақстан-2030»
стратегиясына дамумен байланысты девелопменталистік көзқарас тән болды.
Басты мақсат Қазақстанды «Азия жолбарыстары» болып табылатын Сингапур
мен Малайзияның даму деңгейіне қол жеткізуге қабілетті экономикалық және
саяси жағынан жоғары дамыған мемлекетке айналдыру болды. Ұлттық идеяның
бұл құрамдас бөлігі этностық қатыстылығына және өзге де әлеуметтік-
демографиялық белгілеріне қарамастан, барлық қазақстандықтарды біріктіруге
арналған.
1990-жылдардың аяғында – 2000 жылдардың басында дағдарыс
төмендеген кезде рефлексия дәуірі келді. Содан кейін рефлексияға арналған кең
тараған тақырыптардың бірі 90-шы жылдары өршіп тұрған қылмыс тақырыбы
болды («Фара», «Киллер», «Рекетир» фильмдері). 2000 жылдардың екінші
жартысында тарихи оқиғалар («Сталинге сыйлық», «Көшпенді», «Моңғол»,
«Алашорда», «Мұстафа Шоқай» фильмдері) рефлексия тақырыбына айналды.
Тоқсаныншы жылдардағы шығармашылық тұлғаларға арналған тарихи
таспалардан айырмашылығы 2000 жылдардағы фильмдер саясат, шайқастар
және ұлттық бірегейлікті қалыптастыру тақырыптарын қамтыды. Бұл орайда,
«Көшпенді» фильмінің Қазақстан киноиндустриясына қосқан үлесін айта
кеткен жөн. Бұл фильмді қабылдау әртүрлі болды: біреулер оны блокбастер деп
атап, ауқымды жоба болғанын айтса, кейбіреулер басты рөлді шетелдік
әртістердің сомдағанына наразы болды. Дегенмен де аталған фильмнің отандық
киноиндустрияның дамуына үлес қосқанын мойындаған жөн. Тарихи
декорациялар жасалынды, тақырыптық костюмдер тігілді, шетелдік
әріптестермен жұмыс істеу тәжірибесі қалыптасты, арнайы технологиялар
сатып алынды, елдің тарихына арналған фильмді шетелге ұсынуға мүмкіндік
туды.
Қазақстанның экономикалық дамуында астананың алар орны ерекше
болғаны белгілі. Қаланың инфрақұрылымдық, экономикалық, әлеуметтік,
мәдени дамуы кейбір фильмдер мен теледидар өнімдерінде арқау болды.
Мәселен, «Астанаға көктем кеш келеді» фильмі адамдардың тағдырын сипаттай
келе, елдің астанасын жаңадан салуда болып жатқан тарихи кезеңдерді
көрсетеді. «Байтерек» ауылда тұратын балалардың елордаға келуін баяндайды.
«Астана – махаббатым менің» сериалы қаланың құрылысы, компаниялар
арасындағы бәсекелестік, халықаралық іскери байланыстар, этносаралық
қарым-қатынастар, отбасылық құндылықтар, бұқаралық ақпарат құралдарының
рөлі сияқты әлеуметтік маңызы бар кешенді тақырыптарды ұсынады.
Әлеуметтік жаңғыру
2012 жылы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: жалпыға ортақ еңбек
қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Ол
экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасындағы
оңтайлы теңгерімге қол жеткізу және сындарлы әлеуметтік саясат бағытын
жариялады. Жаһандық бәсекелестік жағдайында әлеуметтік жаңғыру
саясатының негізінде шынайы өнімді еңбек жатыр. Елдің әлеуметтік жаңғыру
тұжырымдамасы ең алдымен азаматтардың санасын – масылдық көңіл-күйден
78