Page 30 - Диссертация
P. 30

басқару  мен  ӛңірлік  дамуды  жетілдіру  саласындағы  тиімді  стандарттарды
                  айқындайтын  экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ҧйымына  (ЭЫДҦ)
                  мҥше  елдердің  тәжірибесі  маңызды.  Сондықтан  ЖӚӚБ  моделі  мен
                  географиялық  және  демографиялық  кӛрсеткіштері  бойынша  Қазақстанмен
                  салыстырылатын елдердің тәжірибесі зерделенді.
                        ЖӚӚБ-дың  кең  тҧжырымдамасы  ЖӚӚБ  органдарының  Заңға  және
                  ережелерге  сәйкес,  оның  жауапкершілігі  мен  бҥкіл  халықтың  мҥддесі  ҥшін
                  басқару қҧқығын білдіреді. Бҥгінгі таңда әлемде ЖӚӚБ-дың әртҥрлі қҧқықтық
                  жҥйелері бар. Олар кӛптеген факторларға тәуелді: әкімшілік қҧрылымға, саяси
                  жҥйеге және басқару нысанына, ҧлттық салт дәстҥрлерге.
                        Шетелде       ЖӚӚБ-дың          әртҥрлі     модельдерінің        жҧмысы        бойынша
                  айтарлықтай тәжірибе бар. Сонымен қатар англо-саксон және континентальды
                  модельдер  базалық  болып  табылады.  Бҧл  модельдердің  негізінде  ЖӚӚБ
                  қалыптастыру  тәртібі,  жергілікті  атқарушы  органдардың  мемлекеттік
                  органдармен ӛзара іс-қимылының сипаты мен ерекшеліктері және т.б. жатыр.
                        Жергілікті  ӛзін-ӛзі  басқару  идеясы  ең  алғаш  рет  Англияда  XVII  ғасырда
                  пайда  болды,  сондықтан  «англо-саксон  моделі»деп  аталады.  Англиядан  кейін
                  Францияда  жергілікті  басқару  идеясы  қабылданды  және  француздар
                  мемлекеттік  билікті  орталықсыздандыру  жҥйесі  деп  атаған  «континентальды
                  модель»  деп  аталды  [65].  Англо-саксон  муниципалды  жҥйесі  Ҧлыбритания,
                  АҚШ, Канада, Австралия және басқа да бірқатар елдерге тән. Дәстҥр бойынша
                  оны бірінші муниципалды жҥйе деп атайды. Оның негізгі ерекшеліктері:
                        -  ЖӚӚБ  органдары  тек  заңдармен  белгіленген  әрекеттерді  орындауға
                  қҧқылы.  ЖӚӚБ  қызметі  заңнамаға  сәйкес  қатаң  тҥрде  реттеледі.  Бҧл  ереже
                  бҧзылған  жағдайда  актілерін  сот  жарамсыз  деп  таниды,  ӛйткені  олар  ӛз
                  ӛкілеттіктерінен тыс шығарылған;

                        -  ЖӚӚБ  органдары  тікелей  жоғары  тҧрған  мемлекеттік  органға
                  бағынбайды;
                        -  ЖӚӚБ  органдарының  қҧзыретіне:  полиция,  әлеуметтік  қызметтер
                  басқармасы, ӛрт кҥзеті, жергілікті жолдарды салу және пайдалану, тҧрғын ҥй
                  қҧрылысы, спорт қҧрылыстары, қоғамдық кӛлік кіреді [66].
                        Екінші  ҥлкен  жҥйе  Француз  (континентальды)  жҥйесі  деп  аталады.
                  Француздық         ЖӚӚБ        жҥйесі      мен     англо-саксондық          жҥйенің      басты
                  айырмашылығы-жергілікті  ҥкімет  пен  мемлекеттік  органдар  арасындағы
                  қатынастардың  сипаты.  Мҧндай  жҥйе  мемлекеттік  органдардың  жергілікті
                  билікке айтарлықтай бақылауы бар билікті орталықтандыру дәстҥрі бар елдерде
                  қолданылады.  Бҧл  жҥйенің  тҥпкілікті  сипаттамалары  Францияда  1982  жылы
                  «жергілікті  қауымдастықтардың  қҧқықтары  мен  бостандықтары  туралы»  заң
                  қабылданғаннан кейін анықталды:
                        -  ЖӚӚБ  бірлігі-қауымдастық,  муниципалды  кеңес  6  жыл  мерзімге
                  сайлайды;
                        - кәмелетке толған Франция азаматтарының дауыс беру қҧқығы бар;
                        - муниципалды Кеңестің қҧзыреті мен ӛкілеттіктеріне аумақ басшысының
                  ӛкілеттіктерін қоспағанда, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жатады;

                                                                 30
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35