Page 29 - Диссертация
P. 29
ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджеттік жоспарлау жӛніндегі
орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ӛзгерту болып табылады.
Сонымен қатар, жоғары тҧрған бюджеттен қаражаттың тікелей ӛзін-ӛзі
басқару органдарына бағытталуы бойынша шет елдер тәжірибесін қарастыру
қажеттілігін атап ӛтеміз. ҚР қолданыстағы бюджет заңнамасында
республикалық бюджеттің бюджет процесінде аудандардың (облыстық маңызы
бар қалалардың) бюджеттерімен ӛзара қарым-қатынасына жол берілмейді.
Алайда, қаражатты осындай тікелей бӛлуді енгізу кезінде ЖӚӚБ органдарына
нысаналы трансферттерді беруге байланысты рәсімдер саны айтарлықтай
азаяды. Облыстар мен аудандардың бюджеттері облыс пен ауылдық округтер
арасындағы буын рӛлін атқаруды тоқтатады. Бҧл ӛз кезегінде жергілікті
жерлердегі ЖӚӚБ органының дербестігін де, олардың жауапкершілігін де,
алынған қаражатты пайдаланғаны ҥшін есептілікті де кҥшейтеді.
Тӛртінші деңгейдегі бюджеттік басқарудың институционалдық және
экономикалық негіздерін оңтайландыру және нығайту мақсатында мыналар
ҧсынылады:
- одан әрі дамыту бағыттары мен шараларын тҥсіндіру;
- жергілікті ӛзін-ӛзі басқару мен ЖӚӚБ жауапкершілік салаларын
ажырату;
- ЖӚӚБ органдарының мәртебесін, функциялары мен ӛкілеттіктерін
пысықтау;
- тӛртінші деңгейдегі бюджеттерді іске асырудың икемділігін арттыру
ҥшін қосымша қҧралдарды айқындау;
- тӛртінші деңгейдегі бюджеттермен жҧмыс істеудің арнайы тәртібін
енгізу;
- жеке бюджетке салық тҥсімдерін қамтамасыз ету ҥшін қҧралдарды
ҧсыну;
- бюджеттік бейорталықтандыру бойынша шаралар қабылдау;
- жергілікті тҧрғындарға комиссия қҧру және қаражатты бақылау қҧқығын
беру;
-жергілікті ӛзін-ӛзі басқарудың әлеуметтік-қҧқықтық аспектілері және
бюджет қаражатын экономикалық-қаржылық есепке алу бойынша сараптама
жҥргізу;
Азаматтардың белсенділігін арттыру, биліктің халық алдында бақылау
және есеп беру тетіктерін қҧру халықтың ӛмір сҥру сапасын жақсарта алады
1.3 Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың халықаралық
тәжірибесі
Дҥние жҥзіндегі жергілікті ӛзін-ӛзі басқару елді мекендер тҧрғындарының
жергілікті маңызы бар мәселелерді басқаруға қатысуын және ӛңірлік дамудың
негізін қамтамасыз ететін тетіктердің бірі болып табылады. Әлемдік тәжірибе
кӛрсеткендей, азаматтардың белсенділігін арттыру, биліктің халық алдында
есеп беру мен бақылауы тетіктерін қҧру ғана халықтың ӛмір сҥру сапасы мен
жағдайларын жақсарта алады. Осыған байланысты, Қазақстан ҥшін мемлекеттік
29