Page 6 - KAZ Академиялық саясат 2025
P. 6

3.38. ББ  үйлестіру  –  білім  алушылардың  жеке  білім  беру  траекториясын  білім
               алушылармен  бірлесіп  әзірлеуді,  қалыптастыруды  және    үйлестіруді,  білім
               алушыларға  жеке  даму  жоспарларын  толтыру  бойынша  қолдау  көрсетуді,
               практика/тағылымдама  бағдарламаларын  дайындауды,  LMS  толтыра  отырып,
               практикадан/тағылымдамадан             өтуді     үйлестіруді,     ББ      әзірлеу     бойынша
               Институт/МСҰМ  басшылығына  көмек  көрсетуді,  ББ  күтілетін  нәтижелерін  ескере
               отырып,  пәндердің  силлабустарын  әзірлеу  бойынша  басқа  ОПҚ-ға  көмек  көрсетуді
               көздейді. ББ үйлестіру ОПҚ-ның педагогикалық жүктемесіне қосылады;
                     3.39. мемлекеттік аттестаттау комиссиясының техникалық хатшысы – комиссия
               жұмысын  техникалық  сүйемелдеуді  жүзеге  асыратын,  оның  ішінде  мәтіннің
               бірегейлігі  тұрғысынан  (басқа  мәтінді  пайдалану  және  түпнұсқалығы  тұрғысынан)
               магистрлік  жобаны  тексеруді;  пікірлер  мен  рецензиялар  алу  процесін  үйлестіруді;
               норманы  бақылауды  жүзеге  асыруды;  комиссия  отырыстарын  және  қорғауды
               ұйымдастыру  мен  өткізуді;  қорытынды  аттестаттау  бойынша  құжаттаманы
               дайындауды және тапсыруды қамтитын адам;
                     3.40. ғылыми  жетекші  –  магистрлік  жоба  шеңберінде  магистранттың  зерттеу
               жүргізуі бойынша ғылыми басшылықты, консультациялық, ұйымдастырушылық және
               сараптамалық жұмысты жүзеге асыратын адам;
                     3.41. ғылыми  консультант  –  докторлық  диссертация  шеңберінде  докторанттың
               зерттеу       жүргізуі     бойынша         ғылыми       басшылықты,          консультациялық,
               ұйымдастырушылық және сараптамалық жұмысты жүзеге асыратын адам;
                     3.42. зерттеудің  алдын  ала  нәтижелері  –  мақалалар  жариялау,  ғылыми
               форумдар мен конференциялар аясында баяндамалар, далалық зерттеулер жүргізу
               (социологиялық сауалнама, сараптамалық сауалнама, сараптамалық сұхбат);
                     3.43. дәлелді себептер  – құжат түрінде еңбекке уақытша  жарамсыздық туралы
               парақпен  расталған  медициналық  көрсетілімдер,  сондай-ақ  форс-мажорлық  мән-
               жайлар: су тасқыны, өрт, табиғи және техногендік сипаттағы басқа да табиғи апаттар.


                                    4. Академияның профессор-оқытушылар құрамы,
                                          білім алушылары мен қызметкерлерінің
                                                  мінез-құлық стандарттары

                     4.1.  ҚР  заңнамасында  және  Академияның  ішкі  құқықтық  актілерінде
               белгіленген, білім алушыға қойылатын талаптарды сақтау;
                     4.2.  Білім  алушының  жеке  даму  жоспарында  жазылған  мақсаттар  мен
               міндеттерді уақытылы және тиісінше орындау;
                     4.3.  Академияда оқу кезеңінде киімнің офистік-классикалық стилін ұстану;
                     4.4.  Өзінің  жұмысқа  және  оқуға  қатынасы  арқылы  ұжымда  жағымды
               моральдық-психологиялық жағдайды қалыптастыруға ықпал ету;
                     4.5.  Қызметтік субординация пен іскерлік этикетті сақтау;
                     4.6.  Жалпы       қабылданған        моральдық        нормаларды         сақтау      және
               жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу;
                     4.7.  Академиялық адалдық нормаларын сақтау;
                     4.8.  Өзінің кәсіби, басқарушылық және жеке құзыреттерін дамыту;
                     4.9.  Жаһандық  сын-қатерлер  мен  бәсекелестік  жағдайында  тиімді  шешімдер
               қабылдауға дайындығы мен қабілеттілігін көрсету;
                     4.10. Тұрақты өсу мен инклюзивтік даму үшін өңірлік және жаһандық ауқымдағы
               мәселелерді  шешуге  қатысты  практикалық  ұсынымдар  әзірлеуге  дайындығы  мен
               қабілеттілігін көрсету.
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11