Page 29 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 29
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ
III. Біліктілікті арттыру
Кейс: Рейтингтік бағалау
Мәселе:
Мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыстың сапасы, сенімділігі және
қабылданған шешімдердің уақытылығы олардың қызметінің тиімділігін бағалау
үшін негіз бола алады. Кез келген қызметкердің ортақ мақсатқа жетуге қатысты
өзіндік міндеттері бар, дегенмен жалпылама индикаторды қолданып барлық
қызметкердің қызметін бағалау мүмкін емес. Бұл жағдайда қызмет аясы кең
ауылдық округ әкімдерінің қызметінің тиімділігін бағалау және оны арттыру
өзекті болып табылады.
Шешу жолдары:
Ақтөбе облысының ауылдық округ әкімдерінің қызметінің тиімділігін
анықтау және бағалау үшін Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе дайындаған
рейтингтік бағалау жүйесі пайдаланылды. Әкімдердің өз қызметінің нәтижесін
сипаттауы және жылдық есептері, әлеуметтік желідегі ресми парақшаларындағы
орындалған жұмыстары туралы посттарына, оларға жазылған комментарийлер
бойынша қорытынды жасалды.
Ауылдық округ әкімдеріне жүргізілген брейншторминг нәтижесінде оқыту
нәтижесінде алынатын пайдалар төмендегідей болады деп анықталды:
- әкімдерді оқыту басқарушылық қызметтің жаңа бағыттарымен танысу,
әкім қызметімен байланысты проблемаларды неғұрлым табысты шешуге және
бәсекеге қабілеттіліктің қажетті деңгейін (персонал еңбегінің сапасы мен
өнімділігін (тиімділігін) арттыру, шығындарды қысқарту және т.б.) қолдауға
мүмкіндік береді;
- кадрлар тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- қызметкерлердің өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға
және нарық талаптарына бейімделу қабілетін арттыру;
- жинақталған тәжірибені қайта қарастыру және жүйелеу, жұмысқа,
өзгерген жағдайларда табысты қамтамасыз етуге қабілетті жаңа көзқарастарды
қалыптастыру.
Ауылдық округ әкімдері қызметінің тиімділігі 4 негізгі критерий бойынша
бағаланады: өз ауылдық округінде мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды
іске асыру көлемі, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізу,
инфрақұрылымдық объектілердің болуы және жай-күйі (1-кесте).
29