Page 75 - Dissertation
P. 75

-   жобалардың егжей-тегжейлі техникалық-экономикалық негіздемелерін
                  (ТЭН) әзірлеу;
                        -   жобаның өміршеңдігі мен тұрақтылығын көрсететін қаржылық және
                  экономикалық талдауды дайындау;
                        -   жобаның   өңірдің   әлеуметтік   саласы   мен   экономикасына   ықтимал
                  әсерін талдау;
                        -   қоршаған ортаға әсерді зерттеу және жағымсыз салдарларды азайту
                  бойынша шаралар әзірлеу.
                        Халықаралық   қаржы   ұйымдарының   инвестицияларды   ұсынуы   үшін
                  жобаны   осы   ұйымдарға   ұсынып,   қаржыландыру   шарттарын,   оның   ішінде

                  пайыздық   мөлшерлемелерді,   өтеу   мерзімдерін   және   экологиялық   және
                  әлеуметтік стандарттарды сақтау талаптарын талқылау қажет. Мұндай жобаны
                  мемлекеттік   қолдау   ұлттық   үкімет   пен   жергілікті   үкіметтен   қолдау   мен
                  мақұлдауды,   мемлекеттік   кепілдіктерді   қамтамасыз   етуді   немесе   қажетті
                  рұқсаттар   мен   лицензияларды   алуға   жәрдемдесуді,   қосымша   ресурстарды
                  жұмылдыруды,   жобаны   ұлттық   және   халықаралық   деңгейде   бірлесіп
                  қаржыландыру   мүмкіндіктерін   іздеуді,   жеке   инвесторларды   тартуды   және
                  мемлекеттік-жекешелік әріптестікті әзірлеуді білдіреді.
                        Көптеген   елдер   Дүниежүзілік   банк   қолдауымен   инфрақұрылымдық
                  жобаларды   сәтті   жүзеге   асырды,   соның   ішінде   жол   құрылысы,   қалалық
                  инфрақұрылымды   дамыту   және   коммуналдық   қызметтерді   жақсарту.   Бұл
                  жобаларға көбінесе таза суға қол жеткізу, энергетикалық  инфрақұрылымды
                  жаңарту   және   тұрақты   көлік   жүйелерін   құру   сияқты   халықтың   өмір   сүру
                  сапасын   жақсартуға   бағытталған   компоненттер   кіреді.   Түркістан
                  инфрақұрылымын   жаңарту   және   дамыту   үшін   халықаралық   қаржы
                  ұйымдарынан   инвестициялар   тарту   инфрақұрылымның   ағымдағы   жай-күйін
                  жақсартуға ғана емес, сонымен қатар экономикалық өсуді ынталандыруға, жаңа
                  жұмыс   орындарын   құруға     және   халықтың   өмір   сүрe   деңгейін   жақсартуға
                  ықпал жасайды.
                        Осы ұсыныстарды жүзеге асыру үшін Түркістанға ақылды қаланы құру
                  бойынша негізгі мәселелерді шешуге көмектеседі және қала инфрақұрылымын
                  тұрақты дамытуды қамтамассыз етеді.


                        2.2 Түркістан қаласында ақылды қала тұжырымдамасының жүзеге
                  асырылуын факторлық талдау және бағалау
                        Қазақстан Республикасының ақылды қалаларының негізгі жетістіктері мен
                  проблемалары жобаны іске асыру және ақылды қалаларды қалыптастырудың
                  бірыңғай әдістері мен стандарттарын қалыптастыру үшін енгізілген эталондық
                  стандартты енгізуге байланысты зерделенуде 2022 жылғы шілдеде Қазақстан
                  Республикасының Цифрлық дамуда, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
                  министрлігі ақылды қалаларды құру жөніндегі нұсқаулық құжатты (эталондық
                  стандарт)   қабылдады   2022   жылы   қабылданған   «Ақылды   қала»   эталонын
                  жаңарту   негізінде   [99,б.   10].   Қабылданған   құжат   11   бағыт   бойынша
                  халықаралық   тәжірибеге   және   қоғамдық   өмірдің   ақылды   қалалары


                  75
   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80