Саламатсыз ба, құрметті Ербол Қуанышұлы!
Мен Академияның Түркістан облысындағы филиалы басшысы Айгүл Идирисованың үстінен сізге шағымымды жеткізбекшімін. Ол біздердің 3 апталық оқуымыздан кейін жобамызды қорғау барысында өзін дөрекі ұстап, жоба қорғаушылардың ойын бөліп, қолын бір сілтеп мәдениетсіздік танытты. Пікірімді ашық білдірген мені жек көріп, ала көзімен қарап этика жайлы айтып өзге мемқызметкерлер алдында абыройсыз еткісі келді. Жеке қасиеттерім үшін Мұратбекқызына ұнауға міндетті емеспін. Аты дырдай академияны басқарып отырғандықтан сөз соңын күту, үлкен сөзін бөлмеу, пікірді соңында айту сияқты мәдениет болады. Өкінішке орай Айгул ханым әкімдіктен өзі шақыртқан 3 қонақтың сөзін бөліп, ішінде жасы улкен ақсақал да болды тыңдамастан өз пікірінен басқаны жоққа шығарумен болды. 4 команданың 1 ін біздің команданы ашық пікір білдіргенім үшін жактырмай кек сақтапикалды, себебі аяқ астынан ручкамен қалай болса солай жазылған өз атынан грамота дайындап 3 командаға табыстап, біздерді бөліп жарғандығын көрсетті. Мотивация беруге келген қонақтың да сөзін бөліп, көбіне өзі туралы айтумен болды. Мұратбековна ханымның өзі де сөзі де біздерге қызық емес. Академияда комп жетіспеушілігі сезілді, ескі құсқы ноутбуктармен жұмыс жасауға тура келді. Кейбір сабақтар іш пыстырарлық, сапасыз ұйымдастырылған.Өкінішке орай, өзіме пайдалы бір нәрсе алмадым. Құрметті ректор! Сізден өтініп сұрайтынымыз, Мұртбекқызының әдебін, өзін дұрыс ұстауы туралы ескертсеңіз!
Сәлеметсіз бе!
Өтінішіңізде көрсетілген мәселе бойынша жеткілікті ақпараттың болмауына байланысты, Сізге қосымша қажетті мәліметтерді беру үшін, яғни шағым берушінің толық аты-жөні, өткізілген дәріс атауы және уақыты, іс-әрекеттердің болған уақыты және басқа да қосымша ақпараттар, дәйектер (егер бар болса) Персоналды басқару орталығына хабарласуыңызды (+7 7172 75 3223) сұраймыз.
Аталған ақпараттар қосымша ұсынылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Сіз көрсеткен фактілерді тексеру үшін арнайы жұмыстар жүргізілетіндігін хабарлаймын.
Академияға көңіл бөлгеніңіз үшін алғысымды білдіремін!
Құрметпен, Ректор Е. Әбіл