Авторские труды К. Токаева
Выступления, интервью и статьи К. Токаева
Рекомендации к прочтению
Авторские труды К. Токаева
- Токаев К. Свет и тень / К. Токаев. — Астана, 2007. — 576 с.
- Книга известного политика и дипломата Касым-Жомарта Токаева «Свет и Тень» посвящена истории становления, развития и укрепленич внешнеполитического курса Казахстана. Большое внимание автор уделил рассказу о многогранной международной деятельности президента Н.Назарбаева. В книге содержатся интереснейшие наблюдения, касающиеся личностей видных политиков и дипломатов современности. Автором использованы уникальные материалы и сведения, не публиковавшиеся в мировой политологической литературе. Книга содержит множество исторических фактов, ознакомление с которыми дает целостное представление о развитии современного Казахстана.
- Тоқаев Қ. Нұр мен көлеңке : очерктер / К. Токаев. — Алматы : Дәуiр, 2008. — 576 б.
- Белгілі саясаткер, дипломат Қ.Тоқаев «Нұр мен көлеңке» атты кітабы Қазақстанның сыртқы саясатының орнығу, даму және нығаю тарихына арналған. Автор президент Н.Назарбаевтың көп қырлы халықаралық қызметі жөніндегі кеңінен әңгімелейді. Кітапта қазіргі заманғы көрнекті саясаткерлер мен дипломаттардың дара тұлғалары жайында аса тартымды баяндалады. Автор әлемдік саясаттану әдебиетінде жарияланбаған бірегей материалдар мен мәліметтерді негізге алып, оларды орайлы пайдалана білген. Кітапта бірқатар тарихи фактілер бар, бұлар бүгінгі таңдағы Қазақстанның дамуы туралы оқырмандарға мол танымдық дерек береді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл еңбегі тарих пен саясаттану мәселелерімен айналысатын көпшілік оқырмандарға арналған.
- Тоқаев Қ. Беласу / К. Токаев. — Алматы : Дәуiр, 2008. — 552 б.
- Белгілі саясаткер, дипломат, саясат ғылымдарының докторы Қ.Тоқаевтың «Беласу» атты кітабында тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуына терең де қызғылыұты талдау жасалады. Қ.Тоқаевтың қарымды қаламынан шыққан бұл еңбегінің бұрыңғы монографиялық еңбектерінен айырмашылығы бар. «Беласу» бірегей кітап, себебі мұнда әлемдік саяси әдебиетте алғаш рет Президент Н.Назарбаевтың сыртқы саясаттығы қызметіне байланысты оқиғалар, оның қазіргі замаңғы әлемдегі мемлекет қайраткерлерімен келіссөздері және байланыстары толық суреттеледі. Сонымен бірге тәжірибелі дипломат Қ.Тоқаев көптеген авторларға тән әдеттегі құрғақ баяндауға бармай, халықаралық көкейкесті проблемаларды шешуге жолашарлық еткен күрделі алмағайып кезеңдерді ашып көрсетеді. Автор халықаралық терроризм тәрізді күрделі тақырыптарды да назардан тыс қалдырмайды, оның бастаулары мен пайда болуына талдау жасайды. Кітаптағы өмірбаяндық көріністер мен автордың жеке бақылау – пайымдаулары да басылымға деген оқырмандардың қызығушылығын тудырары даусыз.
- Тоқаев Қ. Преодоление. Дипломатические очерки / К. Токаев. — Алматы, 2003. — 656 с.
- В новой книге известного политического деятеля, дипломата, доктора политических наук Касым-Жомарта Токаева «Преодоление» содержится глубокий, интересный анализ становления и развития внешней политики независимого Казахстана. Данный труд принципиально отличается от предыдущих монографий, вышедших из под талантливого пера К.Токаева. «Преодоление» является уникальной книгой, потому что в ней впервые в мировой политической литературе подробно описываются события, связанные с внешнеполитической деятельностью Президента Н.Назарбаева, его переговорами и контактами с государственными деятелями современного мира. При этом опытный дипломат К.Токаев отходит от привычного для многих авторов сухого стиля изложения, ярко описывает сложнейшие перепетии, которые сопутствовали решению актуальных международных проблем. Автор не уходит и от такой многотрудной темы, как международный терроризм, анализирует его истоки и проявления. В книге содержится автобиографические эпизоды и личные наблюдения, что несомненно вызовет читательский интерес к предлагаемому изданию.
- Токаев К. Очерки дипломата. Книга первая. Преодоление. – Алматы, 2016. – 432с.
- В первом томе семитомного издания трудов известного казахстанского политика и дипломата, доктора политических наук Касым-Жомарта Токаева содержатся интересные портретные зарисовки таких видных советских и российских дипломатов, как О.Трояновский, М.Капица, Ю.Раздухов, И.Иванов, А.Козырев, И.Рогачев. К.Токаев будучи руководителей внешнеполитического ведомства Казахстана на протяжении десяти лет впервые в мировой политологической литературе описывает уникальные эпизоды из истории становления и развития казахстанско-российских отношений, а также взаимоотношений Республики Казахстан с Китаем, США и центральноазиатскими республиками. Отдельная глава посвящена ООН и анализу противоречий современного мира. Книга представит несомненный интерес для читателей, особенно для тех, кто интересуется вопросами международной политики.
- Токаев К. Очерки дипломата. Книга вторая. Под стягом независимости. – Алматы, 2016. – 288 с.
- Во второй том системного издания вошли очерки известного казахстанского политика и дипломата Касым-Жомарта Токаева, посвященные выходу Казахстана на международную арену в качестве суверенного, независимого государства. Книга по содержанию и стилю многоплановая. В ней содействуют описание внешнеполитических акций Казахстана, анализ развития отношений с различными странами и международными организациями, воспоминания автора об участии в дипломатических форумах. Красной нитью сквозь все главы книги проходит мысль об особой роли дипломатии в реализации курса Президента Н.А.Назарбаева, нацеленного на построение мощного и авторитетного государства. Содержащая богатый документальный материал, книга фактически является монографией. Она дает широкое представление о внешней политике нашей страны и может быть использована в качестве учебного пособия в системе подготовки дипломатов и специалистов-международников.
- Токаев К. Он делает Историю. Очерки казахстанского политика. – Алматы, 2018. – 288 с.
- В пятый том трудов известного казахстанского политика и дипломата Касым-Жомарта Токаева вошла опубликованные до 2010 года в Казахстане и за рубежом историко-публицистические статьи и очерки, показывающие выдающуюся роль Президента Казахстана – Елбасы Нурсултана Назарбаева в становлении и укреплении государства. Главное внимание автор уделил его активной и многосторонней деятельности, направленной на созидание успешного, конкурентоспособного и процветающего Казахстана. В книге раскрывается незаурядная личность Н.Назарбаева как национального лидера, содержатся интереснейшие наблюдения и неизвестные ранее исторические факты. Своеобразие произведений К.Токаева состоит в безукоризненном стиле повествования, яркой образности. Книга адресована широкому кругу читателей.
- Токаев К. Слово об отце. Әке туралы ой-толғау. – Алматы, 2018. – 260 бет. – Орыс және қазақ тілдерінде.
- «Слово об отце» — второе, дополненное и переработанной издание книги известного государственного деятеля и дипломата Касым-Жомарта Токаева. Автор повествует о жизни и творчестве своего отца – Кемеля Токаева, основоположника детективного жанра в казахской литературе. Отдельную галву автор посвятил матери Турар Шабарбаевой. Книга адресована широкому кругу читателей и представляет значительный интерес, поскольку содержит доселе неизвестные факты прошедшей эпохи, изобилует оригинальными наблюдениями и выводами. *** «Әке туралы ой-тоғау» — белгілі мемлекет қайраткері және дипломат Қасым-Жомарт Тоқаевтың толықтырылып, өңделген кітабының екінші басылымы. Авторы өзінің әкесі, қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін қалаған Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында баяндайды. Кітаптың жеке тарауын анасы Тұрар Шабарбаеваға арнаған. Қалың оқырман қауымға ұсынылып отырған бұл еңбек өткен дәуірдің осы күнге дейінгі беймәлім парақтарынан сыр шертеді, автордың басқаны қайталамайтын бірегей ой-пайымдары мен тың тұжырымдары оқырманды бейжай қалдырмайды.
- Токаев К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации: моногр. — Алматы, 2000. – 528с.
- Монография известного дипломата и политика Токаева К.К. посвящена актуальным проблемам внешней политики Казахстана в преддверии XXI столетия. Впервые в отечественной политологии исследуются проблемы глобализации экономики и политики, геополитическая картина мира на рубеже третьего тысячелетия, а также экономические факторы внешней политики Казахстана. Автор стоял у истоков формирования внешней политики независимого Казахстана, возглавляя МИД РК. Поэтому особый практический и научно-политический интерес представляют главы книг, в которых рассматриваются политика Казахстана в отношении стран Содружества Независимых Государств, международных организации, евразийское и американское направления внешней политики нашего государства. С новых позиций раскрываются проблемы поиска Казахстаном своего места в меняющемся мире, обосновываются внешнеполитические приоритеты страны.
- Дипломатическая служба Республики Казахстан: учеб. пособие / под общ. ред. К. К. Токаева. — 2-е изд. , испр. и доп. -Алматы, 2005. – 560с.
- В настоящем учебном пособии освещаются правовые, социально-политические и организационно-кадровые вопросы дипломатической службы Республики Казахстан. Анализируются роль и место Министерства иностранных дел в системе государственных органов нашей страны и договорно-правовая основа дипломатии. Рассматривается процесс делимитации государственных границ Республики Казахстан, излагаются особенности деятельности консульской службы и взаимодействия МИД со средствами массовой информации. Издание представляет интерес для студентов, аспирантов, преподавателей вузов, научных и практических работников, а также широкого круга читателей, интересующихся проблемами внешней политики и дипломатической практики.
- Токаев К. Қазақстан Республикасының дипломатиясы / К. Токаев. — Алматы, 2002. – 568б.
- Белгілі саяси қайраткер Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» атты кітабында тәуелсіздік жылдары мемлекетіміздің сыртқы саясатының қалыптасу және даму барысында жан-жақты талдау жасалады. Автор Қазақстан мемлекеттілігінің сәулетшісі деп әділетті түрде аталып жүрген Президент Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық қызметіне айрықша назар аударады. Кітаптың авторы Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен өзара қарым-қатынасы, біздің еліміздің халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы, сондай-ақ түрлі аймақтағы мемлекеттермен ынтымақтастығы туралы әңгімелейді. Кітапта қазақстандық сыртқы саясаттың басымдық берілетін бағыттары, мемлекетіміздің көкейкесті халықаралық проблемаларға көзқарасы баяндалады. 10 жыл тәуелсіздік ішінде Қазақстанның халықаралық қызметінде болған негізгі оқиғалар хронологиясының кітапқа енгізілуіне байланысты оның іс жүзіндегі құндылығы арта түседі.
- Tokayev K.-J. Reflections at the United Nations. A collection of speeches and articles. – Astana, 2014. – 816 p.
- This book is a collection of speeches and articles of the well-known Kazakh politician and diplomat Mr. Kassym-Jomart Tokayev during his tenure as the Under-Secretary-Geneal of the United Nations, the Director-General of the UN Office at Geneva (UNOG) and the Secretary General of the Conference on Disarmament between April 2011 and October 2013. The UNOG coordinates the activities of twenty international organizations within the United Nations system. Its staff consists of over 1,500 employees from more than110 countries. This book is unique as it reflects the UN’ assessment of major problems that are in its agenda. Mr. K.-J. Tokayev’s reflections are of great value for diplomats, researchers and those interested in studying international politics, the United Nations, security and disarmament issues.
- Токаев К. Он делает историю: Сборник статей и очерков. – Астана, 2010. – 348с.
- Новая книга известного казахстанского политика и дипломата Касым-Жомарта Токаева «Он делает Историю» — это сборник опубликованных в Казахстане и за рубежом историко-публицистических статей и очерков, показывающих выдающуюся роль основателя независимого Казахстана Президента Нурсултана Назарбаева в становлении и укреплении государства. Главное внимание автор уделил его активной и многосторонней деятельности, направленной на созидание успешного, конкурентоспособного и процветающего Казахстана. В книге раскрывается незаурядная личность Н.Назарбаева как национального лидера, содержатся интереснейшие наблюдения и не известные ранее исторические факты. Своеобразие новой книги К.Токаева состоит в безукоризненном стиле повествования, яркой образности. Книга адресована широкому кругу читателей.
- Токаев К. К. Под стягом независимости: Очерки о внешней политике Казахстана. – Алматы, 1997. – 736с.
- Книга министра иностранных дел Казахстана Касым-Жомарта Токаева охватывает пятилетний период с момента выхода Казахстана на международную арену в качестве суверенного, независимого государства. Книга по содержанию и стилю многоплановая. В ней содействуют описание внешнеполитических акций Казахстана, анализ развития отношений с различными странами и международными организациями, воспоминания автора об участии в дипломатических форумах. Красной нитью сквозь все главы книги проходит мысль об особой роли дипломатии в реализации курса Президента Н.А.Назарбаева, нацеленного на построение мощного и авторитетного государства. Содержащая богатый документальный материал, книга фактически является монографией. Она дает широкое представление о внешней политике нашей страны и может быт использована в качестве учебного пособия в системе подготовки дипломатов и специалистов-международников.
- Токаев К. Дипломатия Республики Казахстан. – Астана, 2001. – 552с.
- В книге известного политического деятеля К.К.Токаева «Дипломатия Республики Казахстан» содержится всесторонний анализ процесса становления и развития внешней политики нашего государства за годы независимости. Автор уделяет особое внимание международной деятельности Президента Н.А.Назарбаева, которого по праву называют архитектором казахстанской государственности. Автор книги рассказывает о взаимоотношениях Казахстана с мировым сообществом, взаимодействии нашей страны с международными организациями, а также о сотрудничестве с государствами различных регионов. В книге излагаются приоритеты казахстанской внешней политики, подходы нашего государства к актуальным международным проблемам. Практическая ценность книги возрастает в связи с включением в нее хронологии основных событий в международной деятельности Казахстана за 10 лет независимости. Написанная доступным языком книга «Дипломатия Республики Казахстан» адресована широкому кругу читателей, интересующихся вопросами внешней политики, в том числе политологам, специалистам-международникам и студентам.
Выступления, интервью и статьи К. Токаева
- Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
КОНСТРУКТИВНЫЙ ОБЩЕСТВЕННЫЙ ДИАЛОГ – ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ И ПРОЦВЕТАНИЯ КАЗАХСТАНА
- Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана (1 сентября 2020 г.)
КАЗАХСТАН В НОВОЙ РЕАЛЬНОСТИ: ВРЕМЯ ДЕЙСТВИЙ
- Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана (1 сентября 2021 г.)
ЕДИНСТВО НАРОДА И СИСТЕМНЫЕ РЕФОРМЫ – ПРОЧНАЯ ОСНОВА ПРОЦВЕТАНИЯ СТРАНЫ
https://www.akorda.kz/ru/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana-183048
- Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана (16 марта 2022 г.)
НОВЫЙ КАЗАХСТАН: ПУТЬ ОБНОВЛЕНИЯ И МОДЕРНИЗАЦИИ
https://www.akorda.kz/ru/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana-1623953
- Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана (1 сентября 2022 г.)
СПРАВЕДЛИВОЕ ГОСУДАРСТВО. ЕДИНАЯ НАЦИЯ. БЛАГОПОЛУЧНОЕ ОБЩЕСТВО
https://www.akorda.kz/ru/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana-181130
- Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана Экономический курс Справедливого Казахстана (1 сентября 2023 г.)
- Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на первом заседании Национального курултая (16 июня 2022 г.)
- Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на втором заседании Национального курултая «Әділетті Қазақстан – Адал азамат»
- Выступление Главы государства К. Токаева на третьем заседании Национального курултая «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» (15 марта 2024 г.)
Рекомендации к прочтению
- Абай Құнанбайұлының өлеңдері, қара сөздері
- Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі — қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
- Әбу Насыр Әл-Фарабидің философиялық трактаттары
- В книгу включены произведения аль-Фараби, публикуемые на русском языке впервые. Среди них трактаты: «Философия Платона и ее части», «Сущность «Законов» Платона», «Философия Аристотеля», «О целях Аристотеля в «Метафизике», «О трактате великого Зенона по высшей науке», «Диалектика». Трактаты аль-Фараби по форме являются комментариями, но по сути — итоговыми трудами о сущности древнегреческой философии. Платон и Аристотель предстают в них мыслителями, занятыми социально-этической проблематикой.
- Абай Құнанбайұлының өлеңдері, қара сөздері
- «Абай жолы» — қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман-эпопея, қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Халқымызды әлемге әйгілеген туындының 1942 жылы жарияланған алғашқы басылымын ұсынып отырмыз. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
- Әбіш Кекілбаев “Үркер” және т.б. шығармалары
- «Үркер» — Әбіш Кекілбаевтың кесек туындыларының бірі. Шығармада Кіші жүздің Ресей империясына қосылған кезі шебер суреттеліп, тар жол, тайғақ кешуден өткен қазақ халқының жай-күйі баяндалады. Роман «Тығырық», «Елшілік», «Арбасу», «Айқас» атты төрт бөлімнен тұрады. Тарихымызға негізделген бұл туындының көркемдігі жоғары, оқырман қауымға берер тағылымы мол.
- Ілияс Есенберлиннің шығармалары
- Ілияс Есенберлин ‒ ақын және жазушы, көптеген тарихи романдардың, соның ішінде, XV ғасырдан бастап XIX ғасырдың ортасына дейінгі қазақ даласында болған оқиғаларды сипаттаған «Көшпенділердің» және қазақ халқының қалай пайда болғаны жайлы жазылған «Алтын Орданың» да авторы. Көптеген адамдар үшін Қазақстан тарихымен танысу осы кітаптардан: «Көшпенділер» немесе «Алтын Ордадан» басталады. Ілияс Есенберлиннің шығармашылығы ‒ бұл қазақ елінің тарихи халық ретінде өзін-өзі анықтауы, мәдениеті мен тұрмысы туралы терең ойлар. Оның әйгілі «Көшпенділер» трилогиясы елдегі ең көп оқылатын кітаптардың бірі болып қала береді, оның осы еңбегі 30 тілге аударылған, ал Есенберлиннің өзі жапон тіліне аударылған жалғыз қазақ жазушысы болып қала береді.
- «Алтын Орда» тарихи роман-трилогиясы ерте заман кезеңдерін баяндайды, соған қарамастан, ол қазақ халқының этногенезін дамыту және оның болашақ мемлекеттілігін қалыптастыру үшін аса маңызды мәнге ие. Моңғол шапқыншылығы Қазақстан халқының дамуына кері әсер етіп, әртүрлі регрессия үдерістері пайда болып, қалалық мәдениет баяулағанымен, Алтын Орда кезеңінде алғаш рет интеграциялық үдерістер мүмкіндігі болды, еуразиялық дала мәдениетін тасымалдаушыларының өзара кең әрекеттесуі мен өзара әсеріне қол жеткізді. Қазақстан халқы мұсылмандық Шығыс, Еуропа, Қытаймен қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болды, алғаш рет бұрын шашыраңқы тайпаларды біріктіру мүмкіндігі туды, дала заңнамасы енгізілді. Ілияс Есенберлин ̶ қазақ әдебиетінде алғаш рет Алтын Орданың гүлдену және құлдырау кезеңдерінің жекелеген тарихи материалдарын жүйелендіре алды. Тарихи оқиғалардың шынайы серпінін эпостық ауқыммен суреттеп, сол дәуірдегі Ұлы Дала адамдарының қайталанбас бейнелерін сомдады.
- Трилогия Ильяса Есенберлина «Золотая Орда» — это монументальное историческое полотно, на котором мы видим рождение и закат государственного образования, состоявшего из многих племен и народностей, — Золотой Орды. Бату-хан, сын Джучи и внук Потрясателя вселенной — Чингиз-хана, следуя его заветам, многое сумел сделать, завоевав много земель и укрепив Орду. Бату-хан построил столицу Золотой Орды — великолепный город Сарай-Бату. Но Бату-хан умирает, горюет вся Орда. На трон садятся люди, которые не могут похвастать ни характером, ни смелостью, ни кругозором своего предшественника. Борьба за трон и постоянный страх его потерять, внутренние распри, коварство, предательство делают свое дело — Орда слабеет, обесцениваются заветы и законы Потрясателя вселенной, теряет свой блеск меч золотоордынца. Показана в трилогии судьба простого человека, желающего всего-навсего мирной жизни.
- Әбді-Жәміл Нұрпейісовтың шығармалары
- Роман А.Нурпеисова «Долг» рассказывает о драме сегодняшнего Арала, о катастрофическом обмелении некогда уникального моря в пустыне, вызванного человеком. Роман суров, но правдив. Проблема экологии звучит в нем набатом предупреждения. Он построен в основном как исповедь-монолог главного героя Жадигера — председателя отдаленного рыболовецкого колхоза.
- Қабдеш Жұмаділов
- Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың бұл жинағына әр жылдарда жазылған әнгімелерінің таңдаулылары еніп отыр. Бұлардың қай-қайсысы да уақыт таңбасын, замана шындығын бойына мол сіңірген дүниелер. Жыл өткен сайын жазушының өсу жолы, шеберлік шыңына көтерілуі де айқын аңғарылып тұрады.
- Мұхтар Мағауин “Аласапыран”
- Бірінші кітап. 984 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған, өресі биік тарихи роман 1588–1610 жылдар аралығында Еуразия кеңістігінде орын алған қилы-қилы оқиғалар, қазақ халқының ұлттық санасы, мемлекеттік құрылымы, көрші жұрттармен ара қатынасы, сол замандағы белгілі тарихи тұлғалардың болмыс-бітімі турасында сыр толғайды. Роман-дилогияның бірінші кітабы Қазақ Ордасында басталып, Ібір-Сібір жұртында өрістеп, Ресей жері — Орыс патшалығына ойысады. Сөйтіп, бас кейіпкер Ораз-Мұхамед тағдыры арқылы тұтас бір тарихи дәуірдің суреті жасалады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған. Екінші кітап. Орыс патшалығында құрметті тұтқын ретінде біржола тұрақтап қалған қазақ сұлтаны Ораз-Мұхамед XVI–XVII ғасырлар шегінде Шығыс Еуропада болған елеулі тарихи оқиғалардың бел ортасында жүреді. 1600–1610 жылдарда Россия құрамындағы, автономиялық өкілеті бар Қасым хандығында билік құрады, әділ әмірші, жауынгер қолбасы ретінде танылады, ақыры, бүкіл Ресейді түнекке батырған Смута-Бұлғақ оқиғасында елеулі қызмет атқарады. Романда Ораз-Мұхамед тағдыры — отарлық кепке түскен, азаттыққа ұмтылған тұтас бір ұлт тағдыры ретінде көрінеді.
- Дулат Исабеков “Қарғын”
- «Қарғын» — Дулат Исабековтың 1980 жылы жарық көрген романы. Шығармада бас кейіпкер Жасын мен Бағила арасындағы ерекше қарым-қатынас, биік парасат, сезім мен сенім арасындағы арпалыс жан-жақты сипатталады. Ішкі жан тебіренісіңді ұдайы қозғап отыратын роман терең ойға жетелеп, сансыз сауал санаңа еріксіз ұялайды. Адамның жан дүниесіне рухани төңкеріс жасайтын бұл кітап әсіресе жастар арасында өте танымал.
- Ілияс Жансүгіров өлеңдері
- Ілияс Жансүгіровтің көп томдық шығармалар жинағының бірінші томына дүлдүл ақынның тандаулы өлеңдері мен “Құлагер”, “Күй”, “Күйші” дастандары енді.
- Әкім Тарази шығармалары
- Әкім Таразидің бұл кітабына сиясы әлі кеппеген “Жаза”және “Москва-Баласаз” романдары мен махаббат мұны тұрмыс-салт шырғалаңы, жалғыздық азабы тәрізді мәңгілік тақырыптарды қозғайтын әңгіме хикаяттары топталған.
- Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
- Бүгінде Мұқағали Мақатаев есімі қазақ поэзиясының символы іспеттес. Алғашқы жекелеген өлеңдері мен поэ¬тикалық кітаптарынан-ақ қайталанбас Мұқағали үні ай¬қын¬далды. Тазалық пен айқындылық, адам се¬зімдерінің тұңғиығына бойлай білу мен сезінудегі қа¬рବпайымдылығы ға¬ламат поэзиямен танысқан кез кел¬ген оқырманды сөзсіз таң қалдырады. Күйінішке ор¬тақтасу, бірге қиналу, жақ¬¬сылық жасау, қайырымды болу – ақынның адамды бағалаудағы және тұтас шығар¬машылық арқауының басты критерийі болды. Мұқағали Мақатаев махаббат пен достықты, поэзия мен табиғатты жырлады. Бірақ оның шығармашылығында Отан тақырыбы ерекше орын алады. Ақын поэзиясы – өзі өсіп-өнген туған жеріне деген шексіз махаббатының дәлелі. Мақатаев поэзиясы негізінен туған елі мен туған тіліне деген махаббаттан құралған отансүйгіштік сезімге толы. Мұқағали Мақатаевтың үздік лирикалық жырларынан құралған бұл жинақ жалпы оқырман қауымына және поэтикалық сөзді бағалай білетіндерге арналған.
- Ф. Достоевскийдің шығармалары. Бесы
- Уже были написаны «Записки из Мертвого дома», «Записки из подполья», «Преступление и наказание», «Идиот» и другие шедевры, а Достоевский все еще испытывал острое чувство неудовлетворенности и, по собственному признанию, только подбирался к главному своему произведению. В 1871–1872 годах выходит его шестой роман с вызывающим и символическим названием «Бесы». Увлекательная драма, захватывающий сюжет, бушующие страсти и чрезвычайные, дикие события «под стеклянным колпаком» провинциального города, — таково одно из величайших произведений не только русской, но и мировой литературы.
- Л. Толстой шығармалары
- Адамзатқа ойшыл жазушы ретінде танылған Лев Толстой, көркем шығарма арқылы ғана емес, осылай ой-толғам арқылы да оқырманымен тілдескен. Әу баста газетке мақала сериясы ретінде жазылған дүние кейін «Өмір жайында Арылу» деген кітапқа айналған. Көпшілікке белгілі бұл шығармасы жеңіл оқылады, сөйте тұра ойға, ізденіске жетелейді.
- Собрание сочинений в двенадцати томах. — Москва : Издательство «Правда», 1987. В настоящее Cобрание сочинений Л.Н.Толстого из большого, многообразного литературного наследия великого русского писателя вошли все его наиболее значительные художественные произведения, созданные им на протяжении долгой творческой жизни.Произведения расположены в хронологическом порядке. В первом томе печатается автобиографическая трилогия «Детство», «Отрочество» и «Юность», во втором — повести и рассказы 1852-1856 гг., в третьем-повести и рассказы 1857-1863 гг., в четвертом — седьмом — роман «Война и мир», в восьмом и девятом — роман «Анна Каренина», в десятом — произведения 1872-1890 гг., в одиннадцатом — роман «Воскресение» и в двенадцатом — произведения 1894-1910 гг.
- Антон Чеховтың әңгімелері, повестері, пьесалары
- В книгу русского писателя-классика А. П. Чехова вклю¬чены произведения, в которых автор отразил парадоксы жиз¬ни русской интеллигенции: стремление улучшить современ¬ную действительность и полную беспомощность перед лицом торжествующей пошлости и злобы.
- Иван Буниннің шығармалары
- В книгу мемуарной прозы Ивана Алексеевича Бунина вошли текстологически выверенные дневники «Окаянные дни», неизвестные советскому читателю статьи о литературе, воспоминания, более полные по сравнению с собраниями сочинений писателя.
- Никколо Макиавелли “Государь”
- Никколо Макиавелли (1469 -1527) — итальянский мыслитель, историк, писатель, видел в сильной политической власти главное условие процветания государства. А ради упрочения государства допустимы любые средства. Цель их оправдывает.
- Ли Куан Ю “Из третьего мира — в первый. История Сингапура (1965-2000)”
- Когда крохотный Сингапур в 1965 году получил независимость, никто не верил, что ему удастся выжить. Однако он не просто выжил, а превратился в процветающую столицу Азиатского региона с лучшим в мире аэропортом, крупнейшей авиалинией, ключевым торговым портом, заняв четвертое место в мире по уровню дохода на душу населения. Об этом чуде в своих мемуарах рассказывает бывший премьер-министр Сингапура Ли Куан Ю. Он оживляет перед читателями историю, анализирует основные стратегические решения современности, пишет о том, как из года в год направлял сложные отношения США, Китая и Тайваня, служа для руководителей этих государств и доверенным лицом, и вестником, и экспертом.
- Энтони Кенни “Батыс философиясының жаңа тарихы”
- Ежелгі Жерорта теңізі маңындағы философияның тууы және өркендеуі, ойлау мен пай- ымдаудың өрісі жөніндегі бұл тамаша тарихи баян Батыстағы ой мен қоғам дамуының бағыт-бағдарына арналған. Сэр Энтони Кеннидің бұл кітабындағы әңгіме өзегі Пифагор мен Фалестен басталып, философия алауын христиан ғасырына табыстаған қасиетті Аугустинмен аяқталады. Тарихи баянның тақырыптық арқауы философияда туындаған сауалдарды келесі екі мыңжылдыққа мұра етіп кеткен және әр кезеңдегідей дәл бүгін де ықпалы бәсеңсімеген екі үлкен тұлға – Платон мен Аристотельге негізделген. Бұл – Батыс өркениетінің түп-тамырын түсінгісі келетін орта үшін философия тарихына арналған төрт бөліктен тұратын топтаманың бірінші томы.
- Сэр Энтони Кенни Батыс философиясының жаңа тарихы жөніндегі еңбегін б.д.д. 400 жылдан, яғни христиандық және исламдық ой-сананың негізін салушылардан бастап, Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі аралықты қамтитын кезеңді баяндау арқылы жалғастырады. Орта ғасыр – философияның гүлдену кезеңі. Ақыл-ойдың кемелденуі ХІІІ және XIV ғасырда Акуинолық Томас пен Джон Дунс Скот сынды тұлғалардың арқасында шарықтау шегіне жетті. Көпшілік оқырманға арналғанымен, Кеннидің ұлы философтардың ойларын терең талдайтын әңгімелері, ең алдымен, Батыс философиясына ден қойып жүрген студенттерге қызық болмақ. Энтони Кенни Британ академиясының президенті және Оксфорд университетінің вице-канцлері болған. Ол ақыл-ой философиясы, дін философиясы және философия тарихы жөніндегі көптеген танымал кітаптардың авторы, сондай-ақ Аристотель, Акуинолық Томас, Декарт және Витгенштейннің өмірбаяндарына арналған ғылыми-көпшілік еңбектер жазған.
- Клаус Шваб “Төртінші индустриялық революция”
- Біз бүгін баршамыздың өмірімізді де, жұмысымызды да, күнделікті қарым-қатынасымызды да түбегейлі өзгертетін алапат индустриялық революцияның бастауында тұрмыз. Бұл төртінші революция ауқымы, қарымы мен күрделілігі революция жағынан да осы уақытқа дейінгі адамзат тарихындағы құбылыстардың барлығынан асып түседі. Жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да толып жатқан ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада қарыштап көкке өрлейтін, таңғаларлық технологиялық дүмпуге куә болмақпыз. Бүкіләлемдік экономикалық Давос форумының негізін қалаушы және тұрақты президенті Клаус Шваб осындай алапат өзгерістердің әлеуетін алдын ала болжап, терең байыптап, оны адамзат игілігіне жарату жолдарын қарастыратын еңбек жазған. Демек, бұл кітап адамзаттың ортақ болашағы үшін алаңдайтын және революциялық технологияларды қоғам тіршілігіне икемдеуге ниетті жасампаз ортаға арналған.
- Джон Гэмбл, Маргарет Питереф, Артур Томпсон “Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу”
- «Essentials of Strategic Management: The Quest for Competitive Advantage» – «Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу» оқулығы стратегиялық менеджмент принциптері мен талдау тәсілдеріне концептуалдық тұрғыда маңызды әрі мазмұнды әдістеме жасап ұсынған. Студенттерді қазіргі заманғы стратегиялық менеджменттің қыр-сырына баулитын ең озық түрлеріне, үздік әдіс-тәсілдеріне жан-жақты талдау, зерттеу жүргізеді. Кітапта жалаң мәтін жоқ, әр курс мәселені талқылауымен, өзекті мысалдар келтіруімен мәнді. Әлемге әйгілі компаниялардың тыныс-тіршілігінен маңызды, қызықты мысалдар беріледі. Түрлі жаттығулар студенттердің алған теориялық білімін пысықтайды, симуляциялық ойын тәжірибесі студенттердің курсқа деген ынта-ықыласын арттырады. Кітапта теория мен практика бөле-жара қарастырылмайды, екеуі бірін-бірі толықтырып, оқулықтың мазмұнын байытқан. 5-басылым академиялық салада, менеджмент тәжірибесінде қолдануға лайық, оқытушыға арналған тың әдістеме ұсынады. Жалпы менеджмент саласына қызығатын оқырман үшін аса құнды, қажет еңбек. Сонымен қатар қазақ тіліндегі MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.
- Росс Данн, Лора Митчелл “Panorama: Дүние жүзі тарихы”
- Адамзат пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі дүниенің тарихи жолын кең ауқымда сипаттайтын бұл оқулық «Panorama: Дүниежүзі тарихы» («Panorama a World History») деп аталады. Кітап Homo sapiens өкілінің жетілу, өсіп-өркендеу жолынан басталып, ХVI ғасырға дейінгі кемелдену тарихын толық қамтыған. Әр бөлімде адамзат тарихының кең шалқары кезең-кезеңімен суреттеледі. Адамзаттың дамуын, дүниежүзін игеруін, ықпалды мемлекеттер құруының көне дәуірден басталған қилы кезеңдерін жан-жақты зерттеп, бұлтартпас тарихи деректерді сөйлете отырып сипаттайды. Өткенін електен өткізіп, түп-тұқияннан басталған тарихын кең ауқымда білгісі келген оқырман кітаптан адамзат тарихына қатысты тың және соны деректерді молынан кездестіреді. Тарих ғылымындағы жаңа терминдер де дүниежүзі тарихына қызығатын оқырманға пайдалы болады деп сенеміз. Кітап құрылымындағы жалқыдан жалпыға және жалпыдан жалқыға алма-кезек ауысып отыратын тарихи оқиғалар желісі кітаптың ғылыми-танымдық өрісін кеңейте түседі.