Page 4 - Нұсқаулық
P. 4

қорғаудан кейін бір апта ішінде АРС-ға электрондық түрде береді.

               5. Магистрлік жобаны (зерттеуді) қорғауға ұсыну

               Магистрлік жобаны (зерттеуді) қорғауға мынадай құжаттар болған жағдайда жол
           беріледі:
               5.1. Ғылыми жетекшінің пікірі.
               5.1.1. Қорғауға толық дайындалған магистрлік жоба (зерттеу) ғылыми жетекшіге
           ұсынылады,  ол  жұмыстың  түпнұсқалығын  тексеру  нәтижелерін  ескере  отырып,
           жазбаша  пікір  береді  (3-қосымша).  Магистрлік  жоба  (зерттеу)  қорғауға  ғылыми
           жетекшінің теріс пікірімен де ұсынылуы мүмкін. Ғылыми жетекшінің қолы оның жұмыс
           орны бойынша куәландырылып, мөрмен бекітілуі тиіс.
               5.2.  Ғылыми-практикалық  конференцияда  кемінде  бір  рет  сөз  сөйлеу  және
           (немесе) жарияланым шығару;
               5.3.  Институттар/МСҰМ  директораттары  отырысының  қорғауға  жіберу
           туралы  шешімі  (4-қосымшаға  сәйкес  толтырылған  нысанды  қоса  бере  отырып,
           директорат отырысының хаттамасынан үзінді).
               5.3.1.  Магистрлік  жобалар  (зерттеулер)  қорғауға  ұсынылғанға  дейін  алдын  ала
           қорғаудан  өтуі  керек.  Магистрлік  жобаларды  (зерттеулерді)  алдын  ала  қорғау
           бекітілген кестеге сәйкес Институттар/МСҰМ директораттарының отырысында өтеді.
           Алдын  ала  қорғау  нәтижелері  бойынша  Институттар/МСҰМ  директораттары
           «қорғауға  жіберу»  немесе  «қорғауға  жібермеу»  туралы  шешім  шығарады,  ол
           Институттар/МСҰМ отырысының хаттамасымен рәсімделеді және бекітіледі.
                5.4.  Бекітілген  академиялық  күнтізбеде  белгіленген  мерзімдерге  сәйкес
           магистрант  түпнұсқалығын  тексеру  үшін  магистрлік  жобаны  (зерттеуді)  ұсынуы
           керек.  Соңғы  жүктеу  алдында  магистрантқа  алдын  ала  тексеріп  алу  үшін  бір
           мүмкіндік беріледі.
                5.4.1. Академияда магистрлік жобаларды (зерттеулерді) тексеру кезінде рұқсат
           етілген  көшіру  пайызы  25%  (НҚА-ға  сілтемелер,  дәйексөздер,  жалпы  қабылданған
           сөз  тіркестері,  библиография  және  т.б.),  түпнұсқалық  75%  (білім  алушының  өз
           ойлары мен мәтінінің) қатынасында қолданылады.
                5.4.2.  Егер  соңғы  жүктеу  кезінде  мәтіннің  түпнұсқалығы  75%-дан  кем  болған
           жағдайда,  магистрлік  жоба  (зерттеу)  қорғауға  жіберілмейді.  Магистрант  МЭЗЖ
           кредиттерін     қайта    меңгереді  (Жоғары         оқу    орнынан      кейінгі  білім    беру
           бағдарламалары  (магистратура,  докторантура)  бойынша  академиялық  саясаттың
           16.1.8-тармағының талаптарына сәйкес) және магистрлік жобаны (зерттеуді) келесі
           оқу жылында ақылы негізде қорғайды. Көшірудің рұқсат етілген деңгейінен асып кету
           себебінен  қорғауға  жіберілмеген  жағдайда  магистрлік  жобаның  (зерттеудің)
           тақырыбы өзгертілуі тиіс.
                5.5. Біліктілігі қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін сыртқы рецензенттен
           алынған  рецензия,  онда  магистрлік  жобаның  (зерттеудің)  жан-жақты  сипаттамасы
           және тиісті бағдарлама бойынша магистр дәрежесін беру мүмкіндігі туралы дәлелді
           қорытынды беріледі. Рецензент жұмысты 100 балдық шкала бойынша бағалайды.
                5.5.1.  Рецензент  Академия  ректорының  бұйрығымен  (қорғауға  дейін  бір  айдан
           кешіктірмей)  біліктілігі  не  дәрежесі  қорғалатын  жұмыс  бейініне  сәйкес  келетін
           тұлғалар  қатарынан  Институттар/МСҰМ  директораттарының  ұсынысы  негізінде
           тағайындалады.  Рецензент  ҚАК-тың  мүшесі  болмауы,  магистранттың  ғылыми
           жетекшісі     болмауы      және     Академияның        штаттағы     профессор-оқытушылар
           құрамынан/қызметкері  болмауы  тиіс.  Рецензенттермен  Академия  ректорының
           бұйрығымен  тағайындалған  күннен  кешіктірмей  ақылы  қызмет  көрсету  бойынша
           шарттар жасалады.
                5.5.2.  Рецензиялау  «жасырын»  жүргізіледі.  Жұмыс  рецензентке  жұмыстың
   1   2   3   4   5   6