Page 15 - Document
P. 15

3. 2, 7 және 12 көрсеткіштер бойынша үміткер көрсетілген нұсқалардың біреуінен
         артық емесін таңдайды және әрбір позиция бойынша растайтан құжаттарды тіркейді. 2

         көрсеткіш бойынша ғылыми атағы туралы диплом, 7 көрсеткіш бойынша – сертификат,
         12  көрсеткіш  бойынша  –  патент,  патенттелген  өнертабыстың  артықшылықтары
         дәлелденген мақаланың DOI и PDF файлдары ұсынылады.
               4. 4 көрсеткіш бойынша үміткер үштен көп емес әзірленген және /немесе өткізілген

         сабақтарын таңдайды және әрқайсысы үшін URL- сілтемесін ұсынады. Сонымен қатар
         сабақтың әр түрі бірнеше рет таңдалуы мүмкін.
               5. 5 көрсеткіш бойынша үміткер үштен артық емес әзірленген оқу материалдарын

         таңдайды  және  олардың  әрқайсысы  бойынша  растайтын  құжаттарды  ұсынады.
         Сонымен қатар оқу материалының әрбір түрі бірнеше рет таңдалуы мүмкін.
               6. 6 көрсеткіш бойынша үміткер кәсіби және педагогикалық біліктілігін арттыру

         бойынша екіден артық емес іс-шараны таңдайды және растайтын құжаттарды ұсынады.
         Сонымен қатар іс-шараның әр түрі бірнеше рет таңдалуы мүмкін.
                     7.  8  көрсеткіш  бойынша  үміткер  бакалавриат  пен  магистратурада  көрнекті

         кадрларды  даярлаудың  екіден  артық  емес  фактісін  таңдайды  және  растайтын
         құжаттарды  ұсынады  (дипломдардың,  грамоталардың,  DOI/URL  мақалалардың
         көшірмелері, басшылықтың растауы). Сонымен қатар дайындықтың әр түрі бірнеше
         рет таңдалуы мүмкін.

                     8.  10  көрсеткіш  бойынша  үміткер  екіден  көп  емес  жобаны  және  /немесе
         бағдарламаны таңдайды және олардың номерлерін (ЖТН) көрсетеді.
               9. 11 көрсеткіш бойынша үміткер таңдалған ғылым саласы бойынша ең жоғары

         ұпайларды беретін үш нәтиженің қорытындысын көрсетеді (n - авторлар санын ескере
         отырып). Халықаралық журналдардағы мақалалар үшін DOI немесе Accission Number (
         Web of Science) немесе EID (Scopus) көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Білім және
         ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

         ұсынған журналдардағы жарияланымдар үшін олардың DOI немесе URL (бар болған
         жағдайда)  көрсетіледі.  Монографиялар  мен  ондағы  тараулар  үшін  барлық  деректер
         көрсетіледі, соның ішінде ISBN, DOI және URL (бар болған жағдайда), сонымен қатар

         растайтын скриншоттар немесе бейнежазбалар ұсынылады. Жоба жетекшісі ретіндегі
         мақалаларға жетекшілікті растау құжаттары қоса ұсынылады.
               10. Үміткерлер мәліметтерді енгізгеннен кейін көрсеткіштерді есептеу автоматты
         түрде жүзеге асырылады.

               11. Үміткер көрсеткен сандық және сапалық көрсеткіштер ұсынылған құжаттарға
         сәйкес келмеген жағдайда деректер базасында тек сараптама тобының қорытындысы

         бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
               12. Деректер базасында сараптама тобының қорытындысы бойынша енгізілген әр
         өзгерістен кейін үміткерлер балын қайта есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады.
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19