Page 85 - Аннотация
P. 85
Қазақстанның мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасына сәйкес
мемлекеттік басқарудағы жаңа үлгі «халық үніне құлақ асатын», тиімді, есеп
беретін, кәсіби және прагматикалық мемлекеттің қағидаттарына негізделеді.
Бұл қағидаттар мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі сипаттамалары мен
мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы бағыт-бағдарлар болып табылады.
Жоғарыда аталған қағидаттарды киноиндустрия саласын мемлекеттік
басқару жүйесінде ұстану маңызды. Олардың кино саласындағы мемлекеттік
басқаруға қажеттігі төмендегі кестеде негізделген (18-кесте).
Кесте 18 – Мемлекеттік басқару жүйесінің қағидаттары
Қағидаттар Негіздеме
«Халық үніне құлақ Ең бастысы – адамдар. Жүзеге асырылып жатқан
асатын» мемлекет реформалар, саясат, жоспарлар адамдарға әсер беруі
қағидаты тиіс. Бұл орайда, отандық фильмдер, әсіресе мемлекет
қаражатына түсіріліп жатқан фильмдер халық үшін
әлеуметтік тиімді болуы тиіс. Кино арқылы халықтың
мүддесі көтерілуі маңызды.
Тиімді мемлекет Қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану арқылы
қағидаты нәтижеге қол жеткізу. Тиімділік пен нәтижелік үнемі
өлшеніп отыруы тиіс.
Есеп беретін Бұл қағидаттың басты критерийлері – ақпараттық
мемлекет қағидаты ашықтық пен қолжетімдік. Отандық фильмдердің
халық үшін қолжетімдігін қамтамасыз етуде маңызды
қағидат болып табылады.
Кәсіби мемлекет Кәсіби біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз
қағидаты ету. Шешім қабылдау, қызмет көрсету үшін жаңа әдіс-
тәсілдерді қолдану маңызды.
Прагматикалық Қабылданатын шешімдер нақты дәлелдермен ұтымды
мемлекет қағидаты жасалуы тиіс. Шешімдердің алдағы уақыттағы
қажеттілігі ескерілуі жөн.
Ескерту – Кестені автор әзірлеген
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі элементтердің бірі мемлекеттік
реттеуді жүзеге асырудағы заңнамалық негіз болып табылады. Қазақстанда
кино саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары 2019 жылы алғаш
рет қабылданған «Кинематография туралы» Заңда белгіленген. Осы Заң
кинематография саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі
құқықтық негіз болып табылады.
Көптеген жылдар бойы Қазақстанның кино индустриясындағы
қатынастарды реттеу мәдениет саласындағы Заңның бірнеше баптарымен
(нормаларымен) ғана реттеліп отырды. Алайда бұрынғы құқықтық негіздердің
тиімді болмауы, ұғымдарды толықтыру және жетілдіру, нормаларды айқындау
себептерінен кинематография саласында салалық дербес заңның әзірленуін
85