Page 4 - Кодекс
P. 4
білім алушылардың іскерлік қасиеттеріне, мінез-құлқына және жеке өміріне
қатысты жағымсыз сөздерден бас тартады;
өз міндеттерін жоғары жауапкершілік, тәртіптілік, объективтілік және адалдық
таныта отырып орындайды;
оқуға деген көзқарасымен ұжымдағы жағымды моральдық-психологиялық
жағдайдың қалыптасуына ықпал етеді;
өздерінің кәсіби, басқарушылық және жеке құзыреттерін дамытады;
іскерлік киім стилін ұстанады, әрдайым ұқыпты көрінеді;
Академияның мүлкі мен жабдықтарына ұқыпты қарайды, тазалық пен тәртіпті
сақтайды;
Академияның оң имиджін ілгерілетуге ықпал етеді және Академияның
имиджіне зиян келтіретін ақпараттың таралуына жол бермейді;
мемлекеттік, коммерциялық, қоғамдық және басқа да ұйымдарда, соның
ішінде шетелде тағылымдамадан өту кезінде Академияның білім алушылары өзінің
мінез-құлқымен Академияның имиджі мен беделін қалыптастыруға және онда
дайындалған мамандардың сапасы туралы пікірлерге үлес қосатынын түсінуі тиіс.
4. Академия білім алушыларының/тыңдаушыларының міндеттері
Кәсіби білім мен дағдылардың негіздерін белсенді, мақсатты, жүйелі
меңгеру.
Оқу жоспарларында көзделген оқу қызметінің барлық түрлерін уақытылы
және сапалы жүзеге асыру.
Аттестаттаудың барлық түрлерінен уақытылы және сапалы өту.
Таңдалған мамандық бойынша арнайы әдебиеттерді оқу, кәсіби тілді
меңгеру.
Дербестік пен ойлаудың өзіндік ерекшелігін дамыту.
Академияның ғылыми, оқу және қоғамдық қызметіне белсене қатысу.
Кәсіби этика ережелерін меңгеру.
Жауапкершілік, белсенділік, адамгершілік, адалдық, бастамашылық,
кәсібилік, әдептілік, дербестік, алқалылық және демократия.
5. Академиялық адалдық
Академиялық адалдық – бұл академиялық және ғылыми ортадағы мінез-құлық
қағидаттары, қағидалары мен құндылықтардың жиынтығы. Ол жеке жұмыс орындау,
бейтаныс адамның зияткерлік еңбегіне құрметпен қарау және көшіріп алу, плагиат
(бөгде адамның зияткерлік меншігін иелену), өзін-өзі плагиаттау, жасырып қалу,
келісу, білімді ағымдық және қорытынды бақылау тапсырмалары туралы ақпаратты
заңсыз беру; бір жұмысты бағаланатын тапсырмалардың әртүрлі түрлеріне ұсыну;
анық емес деректерді (бұрмалау) ұсыну және тәртіпсіз академиялық мінез-құлықтың
өзге де әрекеттерін жасау сынды жосықсыз тәжірибеден бас тарту барысында
танытылатын парасаттылық, адалдық пен жауапты мінез-құлықты қамтиды.
«Академиялық адалдық лигасы» жоғары оқу орындары қауымдастығының
(бұдан әрі – Лига) мүшесі бола отырып, Академия өз қызметінде Лига жариялаған
академиялық адалдықтың он негізгі қағидатын ұстанады және іске асырады:
4