Page 6 - Академиялық саясат
P. 6
3.26. екі дипломдық білім беру – қос тең бағалы диплом (Double Major ) немесе
бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major – Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары
(білім беру бағдарламалары) бойынша қатар оқу мүмкіндігі;
3.27. Еуропалық трансферт (аудару) және кредиттер жинау жүйесі (ECTS) – білім
алушылардың білім беру траекториясын, оқу орнын және оқу елін ауыстыру кезінде
меңгерген оқу пәндерін (кредиттермен және бағалармен) салыстыру және қайта
есептеу жүзеге асырылатын ББ компоненттеріне (пәндерге, курстарға, модульдерге)
сынақ бірліктерін (кредиттерді) беру тәсілі;
3.28. модуль – дербес, ББ құрылымдық элементін оқыту нәтижелері тұрғысынан
аяқталған, айқын қалыптасқан, білім алушылар меңгеретін білім, іскерліктер,
дағдылар, құзыреттер және бағалаудың барабар критерийлері;
3.29. модульдік оқыту – ББ модульдік құрылымы, оқу жоспары және оқу пәндері
негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;
3.30. оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі –
халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес
келетін және білім алушылардың рейтингін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі
оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;
3.31. оқу пәніне жазу (еnrollment) – білім алушыларды оқу пәндеріне онлайн тіркеу
рәсімі;
3.32. оқытудың кредиттік технологиясы – білім алушының және оқытушының оқу
жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғай бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып,
білім алушылардың пәндерді оқу реттілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізінде
оқыту;
3.33. оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы
(бұдан әрі – ОБӨЖ) – бекітілген кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен
жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына
қарай ол: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы
(бұдан әрі – ОМӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін докторанттың
өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОДӨЖ) болып бөлінеді; ОБӨЖ кіші топтарда (кемінде 7
адам) жүргізілуі мүмкін. 14 адамнан кем топты құру кезінде кіші топтарға бөлуге тыйым
салынады. 25 адамнан асатын топты қалыптастыру кезінде ОБӨЖ жүргізу үшін кіші
топтарға бөлу ұсынылады;
3.34. транскрипт (Transcript) – кредиттер мен бағаларды әріптік және цифрлық
түрде көрсете отырып, тиісті оқу кезеңінде игерілген пәндердің тізбесін қамтитын
құжат;
3.35. үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average, GPA) – таңдап алған
бағдарлама бойынша белгілі бір оқу кезеңі ішінде білім алушының қол жеткізген білім
деңгейінің орташа өлшемді бағасы (осы оқу кезеңі ішіндегі кредиттердің жалпы санына
пәндер бойынша аралық аттестаттау бағалары балдарының сандық эквивалентіндегі
кредиттердің жалпы сомасының қатынасы);
3.36. элективті пәндер – белгіленген кредиттер шеңберінде таңдау компонентіне
кіретін және білім беру ұйымдары енгізетін, білім алушының жеке даярлығын
көрсететін, нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігін және
қажеттіліктерін, жоғары оқу орнының қалыптасқан ғылыми мектептерін ескеретін оқу
пәндері;
3.37. пән бағдарламасы (Syllabus) – оқытылатын пәннің сипаттамасын, пәннің
мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, тақырыптары мен оқу
ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, консультациялар уақытын, білім
алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушының талаптарын, білім алушылардың
білімін бағалау критерийлерін және әдебиеттер тізімін қамтитын оқу бағдарламасы;