Page 25 - Академиялық саясат
P. 25
15.13. Емтиханға дәлелді себеппен келмеген, бірақ ағымдағы және аралық
бақылау бойынша оң бағасы бар білім алушы растаушы құжаттарды ұсынған кезде
емтихан тапсыру құқығын пайдаланады.
15.14. Дәлелді себептер болған жағдайда жетекшілік ететін вице-ректордың
өкімімен Институт/МСҰМ директорының және БСО басшысының келісімімен емтихан
тапсырудың жеке кестесі белгіленеді.
15.15. Пән бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ емтиханға дәлелді
себепсіз келмеген білім алушыға емтихан үшін «қанағаттанарлықсыз» - «F» бағасы
қойылады. Білім алушы оқу пәнінің/модульдің бағдарламасынан қайта өтпей, ақылы
негізде емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндігі бар.
15.16. Емтихан нәтижесімен келіспеген білім алушы жетекшілік ететін вице-
ректордың атына емтихан нәтижелері қойылғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде
апелляциялық өтініш бере алады. Осы мақсатта оқу жылының бірінші айында БСО
Апелляциялық комиссияның құрамы туралы бұйрық шығарады. Егер емтихан
комиссияның қатысуымен өткізілген жағдайда апелляция болжанбайды.
15.17. Ауысу балын жинаған және келесі оқу курсына ауыстырылған, бірақ
академиялық берешегі бар білім алушы тиісті пәндерді ақылы негізде қайта оқиды
және жетекшілік ететін вице-ректор бекіткен жеке сабақ кестесі бойынша академиялық
берешекті жояды.
15.18. Курс бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ең төменгі ауысу
балын жинай алмаған білім алушыға үлгерімнің орташа балын арттыру мақсатында
жазғы семестрде ақылы негізде жекелеген пәндерді қайта оқуға және олар бойынша
бекітілген жеке кесте бойынша емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.
15.19. Оқу жылының қорытындысы бойынша жазғы семестрдің нәтижелерін
ескере отырып, ауысу балын жинай алмаған білім алушы қайта оқу курсына
қалдырылады.
15.20. Қайта оқу курсына қабылданған білім алушы ББ-ға сәйкес БЖДБ-ға
түзетулер енгізеді.
15.21. Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде қайта оқу курсына
қалдырылған білім алушы мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқуын
жалғастыру мүмкіндігінен айырылады.
15.22. Білім алушы пән бойынша қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған
жағдайда оның пән бойынша берешегі болады.
15.23. Емтиханды қайта қабылдауды емтиханның бірінші қабылдауын өткізген
оқытушы жүзеге асырады. Ол болмаған жағдайда емтиханды Институт/МСҰМ
директоры немесе Институт/МСҰМ ОПҚ қатарынан директор тағайындаған оқытушы
не Институт/МСҰМ қалыптастырған, бірнеше оқытушылардан тұратын Комиссия
қабылдай алады.
15.24. Білім алушылардың келесі оқу курсына ауысу баллы оқу жылына кемінде
2,0 GPA құрайды.
15.25. Білім алушыларды келесі оқу курсына ауыстыру ректордың бұйрығымен
бекітіледі. Курстан курсқа ауыстыру туралы бұйрықты Институт/МСҰМ
директоратының ұсынысы бойынша академиялық аттестаттау нәтижелері негізінде
БСО дайындайды.
15.26. Талап етілетін GPA балын жинаған және келесі оқу курсына ауыстырылған
білім алушының академиялық берешегі болса, ол ақылы негізде берешегі бар
пәндерді қайта оқиды.
15.27. Білім алушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде оның оқу курсы
ағымдағы оқу кезеңіндегі оқу жоспарларының міндетті компоненті бойынша пәндер
айырмашылығы мен пререквизиттерді ескере отырып айқындалады.