Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығы

МИССИЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға зерттеу жүргізу, талдау, білім беру арқылы, әдістемелік және әдіснамалық қолдау және сүйемелдеу.

БАҒДАР
Академия мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік-этикалық қасиеттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, атап айтқанда оларда сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық қауіптілігін түсінуді қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілерге ұлттық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерін жеткізу, оларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түрлері туралы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы білімі мен дағдыларын қалыптастыру және т. б.

МАҚСАТ
Академияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы зерттеу, әдіснамалық, талдамалық және білім беру қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіруге бағытталған тиімді шараларды әзірлеу.

МІНДЕТТЕР
• Орталықтың басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және азаматтардың этикалық нормаларын арттыру мәселелері бойынша инновациялық әдістемелік материалдарды әзірлеу;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту мәселелері бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
• мемлекеттік органдардың жұмысында, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдармен және жетекші ғылыми, академиялық, білім беру орталықтарымен ынтымақтастық орнату;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша шаралар әзірлеу;
• түрлі іс-шараларды өткізу үшін «ашық» пікірталас алаңын қалыптастыру.