Сертификаттау деңгейлері

Персоналдың сертификаттауы – маманның белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын және белгілі бір қызметтің саласында нақты әрекеттерді дұрыс орындау қабілеттілігін анықтау үшін оның біліктілігі, кәсіби білімі, дағдылары және тәжірибесі деңгейін белгілеу болып табылады.

«Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ҚР СТ ISO 21500-2014 ұлттық стандарты:

– жобаларды тиімдірек басқаруға қол жеткізуге, жоба қатысушыларының арасында ақпаратпен тиімді алмасуды реттеуге мүмкіндік беретін басқарушы қағидаттарының бірі ретінде қабылданды.
– стратегиялық жоспарлау мен өнімді мақсатты тұжырымдауды жүзеге асыруға көмектеседі және кез келген типтегі, соның ішінде мемлекеттік ұйымдарда пайдаланылады.

I деңгей - «Жобаның басшысы»

Сипаттамасы:
Жобаларды басқару саласындағы білімді қолдана алады және жобаға топ мүшелерінің бірі ретінде қатыса алады, бірақ оның жалпы білімі күрделі тапсырмаларды орындау үшін жеткіліксіз.

Емтихан тапсыруға қойылатын талаптар:
Жобалық топта немесе жобаны басқару персоналы мүшесінің тәжірибесі бар мемлекеттік қызметкерлер және квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері:

– жоғары білімі болуы;
– жобалық менеджмент саласында кем дегенде бір жыл тәжірибесі болуы;
– жобалық менеджмент бойынша кем дегенде 35 сағат көлемінде оқу сертификаттың болуы немесе жоғары оқу орнында кем дегенде екі кредит құрайтын жобалық менеджмент курсын бітірген (тыңдаған)

Емтихан: тестілеу, 2 сағат, 60 сұрақ.

Бағасы: 30 000 теңге.

Біліктілікті растау: әр 5 жыл сайын.

II деңгей - «Бағдарламаның басшысы»

Сипаттамасы:
Сертификаттауға жататын тиісті ресурстар, әдіснама және құралдарды пайдалана отырып, тек жеке жобаны ғана емес, бағдарламаны жүзеге асыра алады.

Емтихан тапсыруға қойылатын талаптар:
– Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік және ведомстволық бағынысты ұйымдардың жобалары мен бағдарламаларын басқарумен айналысатын орта және орта буын басшылары;
– жобалық менеджмент саласында кем дегенде екі жыл тәжірибесі болуы;
– І дәреже бойынша («Жоба басшысы») сертификаты болуы

Емтихан: практикалық емтихан – эссе (немесе жобаны қорғау), 1,5 сағат.

Бағасы: 22 500 теңге.

Біліктілікті растау: әр 5 жыл сайын.

III деңгей - «Портфель басқарушысы»

Сипаттамасы:
способен управлять портфелем, принимать ключевые управленческие решения, утверждать кандидатуры по проектам.

Емтихан тапсыруға қойылатын талаптар:
– Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік және ведомстволық бағынысты ұйымдардың жобалары мен бағдарламаларын басқаруға тартылған жоғарғы санатты басшылар;
– жобалық менеджмент саласында кем дегенде үш жыл тәжірибесі болуы;
– І және II дәреже бойынша (Жоба басшысы және Бағдарламаның басшысы) сертификаттар болуы.

Емтихан: әңгімелесу, 1 сағат.

Бағасы: 15 000 теңге.

Біліктілікті растау: әр 5 жыл сайын

ТК – деңгей - «Тренер-кеңесші»

Сипаттамасы:
Теориялық және тәжірибелік ұсыныстар бойынша жобаларды басқара алады, маман біліктілігінің жоғары деңгейін сипаттайды.

Емтихан тапсыруға қойылатын талаптар:
– жобаларды басқару (жобалық менеджмент) бойынша талаптар, процестер, әдістер, әдістемелер, құралдар, оқулықтар мен нұсқаулықтарды әзірлеу және енгізу тәжірибесі бар мамандар
– осы салада үш жылдан астам практикалық тәжірибе болуы немесе осы салада педагогикалық қызметтің тәжірибесі кем дегенде 200 академиялық сағат болуы
– І, II және III дәреже бойынша (Жоба басшысы, Бағдарлама және портфель басшысы) сертификаттар болуы;
– IPMA / P2M / PRINCE 2 / PMBOK стандарттарына негізделген жобаларды басқару саласындағы сертификаттар болуы.

Емтихан: Кешенді емтихан (тестілеу, практикалық емтихан, әңгімелесу), 4,5 сағат.

Бағасы: 67 500 теңге.

Біліктілікті растау: әр 5 жыл сайын