25 жылЖаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласында тәжірибе алмасу үшін шетелдік мемлекеттік басқару академияларының ректорлары жиналды

2019 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында #Leadershiptalks жаңа алаңында шетелдік Мемлекеттік басқару академиялары ректорларының форумы өтті.

#Leadershiptalks алаңын өткізу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 25 жылдығын мерекелеуге орайластырылған.

Іс-шараның мақсаты – тәжірибе алмасу және мемлекеттік басқарудағы көшбасшылық үрдістерін талқылау үшін ынтымақтастығы орныққан Академиялардың ректорларын бірыңғай сараптау алаңында біріктіру.

Қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің заманауи құзыреттіліктері, SMART үкімет үшін көшбасшыларды, жаһандану жағдайындағы мемлекеттік басқару менеджерлерін дайындау мәселелерін талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу жайлы және достық жағдайда өтті, Академияның басшылығы, қызметкерлері мен оқытушылары атына жылы лебіздер білдіріліп, қонақтар Академияның 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Форумға арнайы Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ақматалиев Алмазбек; Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару институтының ректоры Гафурзода Абдухалил Давлатали; Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының проректоры Марголин Андрей; Орталық Азиядағы Ханнс Зайдель Қоры жобасының жетекшісі Макс Майер; Беларусь Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет институты директорының орынбасары Анатолий Бессмертный келді. Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері, Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әлтаир Ахметов қатысты.

Форум барысында қонақтар Академияның материалдық-техникалық жабдықталуында, сондай-ақ білім беру контентінде орын алған өзгерістерден алған әсерлерімен бөлісті.

«Қазақстандық Мемлекеттік басқару академиясы айтарлықтай өзгерісті жүзеге асырып, алға өрлеуде. Сіздердің жасаған оң өзгерістеріңіз бен қазіргі таңда жылдам дамып жатқандарыңызды, қандай жаһандық мәселелерді талқылап, алға қандай жоғары мақсаттар қойып жатқандарыңызды көріп келеміз, сондықтан біздің Академия арасындағы өзара ынтымақтастықтың дамуына, байланыстарды күшейтуге және тәжірибе алмасуға қуанышты боламыз» – деді шетелдік қонақтар.

Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару институтының ректоры Абдухалил Гафурзода Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерді даярлау жолындағы жетістіктеріне қатысты пікір білдіре өтті:

«Осы кездесуге дейін біз Майер мырзамен (Орталық Азиядағы Ханнс Зайдель Қоры жобасының жетекшісі – Макс Майер) тек электрондық оқыту жүйесіне көшуді талқыладық, ал Сіздерде барлығы цифрлық жүйеде екен. Сіздер бізден 15 жылға алда келесіздер. Бізде барлығы алда. Кадрларды даярлауға көмек көрсетулеріңізді сұраймыз», – деді Гафурзода.

Кездесудің толық жазбасы тікелей эфирде жүргізілді және Мемлекеттік басқару академиясының https://youtu.be/Y_8ZsbRZ1vE YouTube-каналында сақталған.