Академия
жаңалықтары

24
Маусым
Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан полицейлерін оқытады

2019 жылдың 24 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның өңірлердегі филиалдарында бір мезгілде полиция қызметкерлерін оқыту басталды.  Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясымен бірлесіп «Өзгермелі әлем жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық» тақырыбында типтік оқыту бағдарламасы әзірледі. Оқу ұзақтығы – 40 сағат.

Барлығы
23
Маусым
Астаналық мемлекеттік қызметшілерге дактильді және ымдау тілін үйретуде

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Идеялар фабрикасы» брейнстормингі аясында мемлекеттік қызметшілерді дактильдік және ымдау тіліне оқыту жобасы іске қосылды. Мемлекеттік басқару академиясы мен ҚР МҚІА-нің «Идеялар фабрикасы» брейнсторминг жобасы қарқындап дамып келеді, осы алаң аясында мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту мақсатында ұсынылған жобалар іске асырылып, өз нәтижелерін беруде.

Барлығы
22
Маусым
Ашық есіктер күні: Мемлекеттік басқару академиясына құжаттар қабылдау жалғасуда

2019 жылдың 22 маусымында Мемлекеттік басқару Академиясында қорытыңды Ашық есіктер күні өтті. Кездесуде Академия өкілдерімен «coffee-chat» форматында сұхбаттасып, білім беру бағдарламаларына қабылдау процедурасына қатысты мемлекеттік қызметшілер қызықтыратын сұрақтарға жауап және кеңес алды. Сонымен қатар, Ашық есік күні аясында Жақсы эссені қалай жазу керек және Зерттеу жұмысының жоспарын қалай жақсы жазу керек тақырыптарында семинарлар ұйымдастырылды.

Барлығы
17
Маусым
Идеялар фабрикасы аясындағы «Парасаттылық мектебі» республикалық жобасының қорытындысы

Сыбайлас жемқорлық әрбір мемлекеттегі ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының барлық филиалдарында
2019 жылғы 10 – 14 маусым аралығында жоғары оқу орындарының студенттері үшін алғаш рет Парасаттылық жазғы мектептері жұмыс жасады. Конкурстық негізде Парасаттылық мектебінде білім алу үшін республика бойынша 300-ге жуық студент іріктелді.

Барлығы
13
Маусым
Мемлекеттік басқару академиясына құжаттар қабылдау жалғасуда

Қазіргі таңда Академия халықаралық білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейді және іс басындағы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы мен білім алуына жауап беретін Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Академияның жұмысы мемлекеттік аппаратқа стратегиялық және инновациялық тұрғыда ойлай білетін, және, сәйкесінше, бүгінгі күннің ғана емес, ертеңгі күннің де міндеттерін шеше алатын кадрларды дайындауға бағытталған. 

Барлығы
10
Маусым
Қазақстанда парасаттылық мектептерінің жұмысы басталды

2019 жылғы 10–14 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының барлық облыстардағы, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдарының базасында жоғары оқу орындарының студенттері Парасаттылық мектебінде оқудан өтеді. Оқуды ұйымдастырушы – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығы.

Барлығы
07
Маусым
«Идеялар фабрикасы» Түркістан облысында жалғасуда

Мемлекеттік басқару академиясы мен ҚР МҚІСЖҚІА-нің «Идеялар фабрикасы» брейнсторминг жобасы енді тек Академияда ғана емес, оның филиалдарында да қарқын алуда: бүкіл ел бойынша мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту мақсатында нақты жобаларды одан әрі іске асыру үшін идеяларды іріктеу жалғасуда. 2019 жылғы 7 маусымда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында қайта даярлау курсын аяқтаған тыңдаушылардың жобалары талқыланды.

Барлығы
06
Маусым
Полиция қызметкерлерін Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында оқытады

Полиция қызметкерлерін оқыту мақсатында Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы мен Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Момышұлы атындағы Оқу орталығы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Мемлекеттік басқару академиясының қызметін мемлекеттік қызметтің түрлі бағыттарында күшейту тек орталықта ғана емес, сондай-ақ өңірлерде де жүзеге асырылады.

Барлығы
06
Маусым
«Идеялар фабрикасы» Шымкент қаласында жалғасуда

Мемлекеттік басқару академиясы мен ҚР МҚІСЖҚІА-нің «Идеялар фабрикасы» брейнсторминг жобасы енді тек Академияда ғана емес, оның филиалдарында да қарқын алуда: бүкіл ел бойынша мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту мақсатында нақты жобаларды одан әрі іске асыру үшін идеяларды іріктеу жалғасуда. Осы аптада «Идеялар фабрикасы» аясында Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында филиал тыңдаушылары – ЖАО мемлекеттік қызметшілері өз жобаларын қорғады.

Барлығы
04
Маусым
ӨЗГЕРІСТЕР КЕҢСЕСІ – 2: мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілердің ең үздік жобалық командасын анықтады. «Еңбекке жол» жобасы «Өзгерістер кеңсесі-2» байқауының жеңімпазы атанды. «Еңбекке жол» жобасы жұмыспен қамту деңгейін арттыруға және жастардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттар тобы мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның бірлескен жобасы.  

Барлығы
03
Маусым
АХҚО-да мемлекеттік қызметшілер қаржылық реттеу мәселелері бойынша білім алды

2019 жылы 3 маусымда Халықаралық қаржы орталығында «Қаржылық реттеу мәселелері» (The Issues of Financial Regulation) бірегей курсының бітірушілеріне сертификаттар тапсырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің «Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасының магистранттары мен «Мемлекеттік менеджмент» білім беру бағдарламасының докторанттарына арналған арнайы курс «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп әзірленді.

Барлығы
30
Мамыр
Мемлекеттік қызметшілерге дактильді және ыммен сөйлеу тілі оқытылмақ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында «Идеялар фабрикасы» дәстүрлі алаңы аясында мемлекеттік қызметшілерді дактильді және ымдау тіліне оқыту бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Мемлекеттік басқару академиясы мен ҚР МҚІСЖҚІА-нің «Идеялар фабрикасы» брейнсторминг жобасы енді тек Академияда ғана емес, оның филиалдарында да қарқын алуда: бүкіл ел бойынша мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту мақсатында нақты жобаларды одан әрі іске асыру үшін идеяларды іріктеу жалғасуда.

Барлығы
30
Мамыр
Идеялар фабрикасы: мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент

Мемлекеттік басқару академиясы мен ҚР МҚІСЖҚІА-нің «Идеялар фабрикасы» брейнсторминг жобасы енді тек Академияда ғана емес, оның филиалдарында да қарқын алуда: бүкіл ел бойынша мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту мақсатында нақты жобаларды одан әрі іске асыру үшін идеяларды іріктеу жалғасуда.  Осы аптада «Идеялар фабрикасы» аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының тыңдаушылары өз жобаларын қорғады. Брейнстормингке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әлтаир Ахметов қатысты.

Барлығы
27
Мамыр
Жақсылық жасап: Мемлекеттік басқару академиясы көп балалы аналарға коучинг өткізді

Академия өзінің 25 жылдық мерейтойында ардагерлерді, көп балалы отбасыларды, белгілі бір қажеттіліктері бар адамдарды және жастарды қолдауға бағытталған 25 әлеуметтік жобаны жүзеге асырады. Осындай жарқын әлеуметтік жобалардың бірі – өткен демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласында және Академияның өңірлік филиалдарында 25 көп балалы анаға кәсіби 25 коуч бір сәттік коучинг өткізді.

Барлығы
24
Мамыр
«Идеялар фабрикасы 13.0» брейнстормингі

Академияда мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту мақсатында нақты жобаларды одан әрі іске асыру үшін идеяларды іріктеу жалғасуда. Он үшінші жұма күнгі «Memlekettik qyzmet: quick wins» брейнстормингінде үш мәселе талқыланды.

Барлығы