Жаңалықтар

АНОНС: Мемлекеттік қызметшілердің HR форумы

2019 жылғы 18 сәуірде Мемлекеттік басқару академиясында МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ HR форумы өтеді!

HR Фоурмның форматы панельдік сессиялар мен Kyzmet Talks, тренингтер мен брейнстормингтерді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет бойынша HR саласындағы шетелдік сарапшылармен Web-сессияларды қамтиды.

HR Форумның тақырыптары:

  • Мемлекеттік қызметте адами ресурстарды тиімді басқару;
  • Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудағы инновациялар;
  • Персоналды басқару саласындағы халықаралық трендтер;
  • Таланттарды тарту және басқару;
  • Персоналды басқарудың цифрлық мүмкіндіктері;
  • Құзыреттерді басқару;
  • Шиеленістерді басқару;
  • Жобаларды басқару;
  • және басқалары.

Спикерлер: орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары, HR саласындағы халықаралық және жергілікті сарапшылар, мемлекеттік органдар, корпоративті және жеке сектордың персоналды басқару бөлімдерінің басшылары.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару бөлімдерінің қызметкерлерін МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ HR форумЫНА қатысуға шақырамыз!

Өткізу күні: 2019 жылғы 18 сәуір  (басталуы 10.00)

Өткізу орны: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Абай даңғылы 33а.

Байланыс нөмірі: +7 7172 75 35 97

Тіркеу 2019 жылғы 17 сәуір сағат 12.00-ге дейін Академия сайтында жүргізіледі: www. apa.kz