Жаңалықтар

Фатима Жақыпова ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды

 Фатима Надырқызы Жақыпованы  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұжымы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтайды!

Сіз басшылық еткен уақыттарда Академия бірқатар ауқымды өзгерістерге қол жеткізді, оның куәгерлері мен қатысушылары біз болып табыламыз! Академия өз даму жолында Сіздің жоғары кәсібилігіңіздің, ашықтық, даналық пен білікті басшылығыңыздың арқасында үлкен серпіліс жасады. Сізге тәжірибе мен берген даму қарқыны, Академия қабырғасында ғана емес, сондай-ақ біздің жұмысымыздағы түбегейлі өзгерістер үшін, әрқайсымыздың бойымыздағы оң өзгерістер үшін алғыс айтамыз! Біз Сіздің арқаңызда еліміздің білім және ғылым жүйесінде жаһандық өзгерістер орын алатынына үлкен сенім білдіреміз! Ал біз өз кезегінде Академияны одан әрі реформалауды жалғастырып, оны жақсарта түсіп, Сіз қалдырған даму қарқынын сақтаймыз! Сіздің жаңа лауазымыңыз Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртуға және трансформациялауға бағытталуын, Сіздің барлық жоспарларыңыз бен бастамаларыңыздың табысты болуын тілейміз.